ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ БАСТАЛДЫ

13:02, 12 тамыз 2019

Күллі мұсылман қауымінің ұлық мерекесі саналатын құрбан айт басталды. Айт мейрамында қала тұрғындары Қызылжар орталық мешітіне келіп, таң сәріден жамағатпен сәждеге бас қойып, намазға жығылды. Жалпы бұл мейрамда құрбандық шалу уәжіп саналады, сондай-ақ таза киініп, туған-туысты аралау, ренжіскен адамдармен татуласу жақсы амал болып есептеледі.

Үш күн тойланатын құрбан айт биыл тамыздың 11-нен басталды. Осындай айтулы күнде мешітке жиналғандардың қарасы қалың. Олардың арасында есін білген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Солардың бірі сексеннің сеңгіріне шыққан Сапаура қажы Әмреқызы. Жас тоқсанға жақындап қалса да елден қалмай, жаратушы алдындағы борышын өтеуге келген. Әжейдің айтуынша Құрбан айт мұсылмандар үшін ең мәртебесі биік мереке.

САПУРА ӘМІРЕҚЫЗЫ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мен 15 жасымнан ораза ұстадым. 30 жылдай болды намаз оқиймын. Осы құрбан айтының қасиетін біз ол кішкентай кезімнен ұқтым. Қасиетті құрбан айтына дайындалып, бүгін үштен тұрып айт намазына келдім. Бүгін құрбан шаламыз алла жазса. Алла қабыл етсін. Бәрің бақытты өмірде болыңдар.

Жиналған халықты алдымен Қызылжар ортылық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы құттықтап, шалуға ниеттеген құрбандықтарының қабыл болуына тілектес екендігін жеткізді. Содан соң бар жамағат айт намазына тұрып, құлшылық етті.

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, ҚЫЗЫЛЖАР ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- Құран кәрімде де немесе  Пайғамбарымыздың хадистерінде де  осы сойылған малдың дейді, сендердің сойған малдарыңның еттері, немес қандары жетпейді, сендердің ықылас ниеттерің дұға тілектерің жетеді деген. Сондықтан да бүгін міне құрбан шалып, дұға қылып, тілек тілеп ол құрбанымызды шамамыз келгенше өзімізге қалдырып, одан артықтау болса туыстарға, көпбалалы отбасыларға, жетім-жесірлерге, кембағалдарға үлестіріп беретін үлкен күн.  

Имамдардың айтуынша құрбандыққа 5 жасар түйе, 2 жасар сиыр, 1 жасар қой-ешкі де шалынады.  Мал ақсақ-тоқсақ, арық, соқыр, құлағы жоқ болмауы керек. Мүйізі де бүтін болуы тиіс. Мешітке бұл күні 1500-нан астам халық жиналған. Жоғары қабатқа сыймағандар, айт намазын тура мешіттің кіре берісінде тұрып оқыды.

Адам өте көп Аллаға шүкір бұл күнге де жеттік. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын құрбандықтарыңыз, шалған малдарыңыз қабыл болсын)

Бүгін айт күні деніміз сау болсын, елімізге тыныштық берсін. Жылына бір келетін айт баршаңызға ендігі айттарға жете берулеріңе тілектеспін)

Жалпы құрбан сөзі араб тілінен аударғанда – жақындау деген мағынаны білдіреді. Яғни істеген амал істер мен жаратушыға жақынырақ болу. Құрбан айт мерекесінде шын ниетімен құрбан шалып, қан шығару сауап. Ал сойылған малдың етін мейрамнан соң да жетім-жесірлерге, жағдайы төмен отбасалырға тарата беруге болады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар