ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

13:01, 13 тамыз 2019

Солтүстікқазақстандық мұсылмандарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен Астана және Қазақстан митрополиті Александр құттықтауға келді. Өңірдің  бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы меймандарға  «Қызылжар» орталық мешітін таныстырды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр бас имамға және барлық мұсылмандарға денсаулық, ішкі татулық, әлем тыныштығын тіледі. Сонымен қатар, Қазақстандағы православие шіркеуінің басшысы, солтсүтікқазақсандықтарға естелік сый табыс етті. Бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы құрбан айт мерекесінде мешітке оң басып келген қонақтарға алғысын айтып, өз ризашылығын білдірді.

АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ АЛЕКСАНДР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРАВОСЛАВТЫҚ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ:

Петропавл қаласында бірнеше рет болдым. Бүгінгі келу мақсатым барша мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтау! Біздің елде Құрбан айт пен Пасха мерекесін қатар  тойлайды. Бірлік деген осы емес пе? Осы ұлық мейрамда бейбітшілік, денсаулық, амандық тілеймін. Сонымен қатар, өзіммен бірге аса құрметті затты әкеліп отырмын. Иерусалим патриархы менің өтінішіммен Құдайдың күмбезінде орналасқан кресттің бір бөлшегін табыс еткен еді. Содан бері, осы киелі затпен қала қаланы аралап, православты дін өкілдері киелі крестке басын иіп, тағзым ете алады. Крест Вознесенский кафедралды шіркеуінде 3 күн бойы тұрады.

КЕНЖЕТАЙ  ҚАЖЫ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, ҚЫЗЫЛЖАР ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

Осындай қасиетті айда ақ үйімізге келгеніңіз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.  Алла тағала баршамызды игі істер мен қуанышты сәттерде басқосуымызды нәсіп етсін.

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...