ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚҰРБАНДЫҚҚА ШАЛУДЫҢ ШАРИҒАТЫ

17:22, 29 шілде 2020

Бүгінде өңір мешіттеріне  жәрдемге аса мұқтаж 380 отбасы тіркеліпті. Соның 7 пайызы құрбандыққа шалынған мал етін алуға ниет танытқан. Ал  құрбандық шалатындардың саны әзірге аздау.  Мешіт имамдары жоқ-жітіктерге қол ұшын берушілердің қатары қалыңдайды деген үмітте. 

Биыл Құрбан айт мерекесі шілденің 31-і және 1-ші,2-ші тамызға сәйкес келеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалу ережелері өзгеріп отыр.  Құрбанды  көпшілік мешіттерде немесе арнайы орындарда  шалмайды. Әркім өз ауласында ірі және ұсақ малды сойып, видеоесеп жіберуі қажет болады.  Бұл туралы брифингте өңір имамдары мәлімдеді. 

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

Қызылжар өңірінде Қызылжар өңірінде тамыздың 31-і таңғы сағат 7-ден бастап 2-ші тамыз күнгі кешкі екінті, ақшам намазына дейін сойылған құрбандық қабыл болады. Осы күндерден бұрын немесе кейін сойылған мал құрбандық болып саналмайды.  Тек садақа ретінде сойылған мал болып есептелінеді. 

МУХАММАДЗАХИР МИРЗАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ:

- Құрбандық шалуға тапсырыс беру құрбан 2020 сайтында жүзеге асады.  Алдымен құрбан шалу ұяшығына өтіп, тұратын өңіріңізді, қала немесе ауданды таңдайсыз. Екінші, аты-жөніңіз бен ватсап месенджері тіркелген ұялы телефоныңызды жазу керек.  Ірі қара малды бір немесе 7 адам қосылып шала алады. Ал қой, ешкі сынды малды бір адам шалуы тиіс.  

Құрбандыққа шалынатын малдың жасына қарай шариғат талабы және  бекітілген шекті бағасы бар. Бір қой-50 мың, тоқты-45 мың. Ұсақ малдың жасы алты айдан асқан болуы шарт. Ірі қара-300 мың, екі жастан кішілерді союға мұсалдық ережесі бойынша тыйым салынады. Бүгінде құрбандыққа шалуға 20 солтүстікқазақстандық өтініш берген екен. Ал мал етін аламын деушілер көп. 

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- Бір ескертетіні биылғы құрбандыққа тапсырыс тек каспи голд картасы арқылы  қабылданады.  Өйткені, Каспий бізге өтініш берушілер туралы барлық мәліметті ұсынып отыр. -Мал сатушыларға өтінішіміз бар. Мереке қарсаңында мал бағасын өсіріп, емес, сапауты іске атсалысайық. 

Биыл мал етінің үштен бір бөлігін қалдыруға рұқсат етілмейді. Коронавирусқа  байланысты малдың етін тұтас әлеуметтік аз қамтылған жандарға үлестіру ұсынысы жасалды. Сонымен қатар имамдар құрбандық малын соярда аулада көп адам жиналмаса деген өтініш айтты.

Берік ҚАСЕН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...