ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

18:15, 9 тамыз 2019

Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісі күні құрылысшылар күні аталып өтеді. Дәл осы мамандық иелерінің арқасында өңіріміз көркейіп, жаңа зәулім үйлер мен биік ғимараттар салынуда.Құрметке лайық мамандыққа  өмірінің жартысын арнаған, ҚР құрметті құрылысшысы атағының иегері Сергей Тимофеевпен арна тілшілері тілдесіп келді.

Сергей Петрович Тимофеев өзінің 40 жылдан астам уақытын  құрылысшы мамандығына арнаған. Ол өңіріміздегі  құрылыс-экономика колледжінің түлегі.80-інші  жылдары.«Петропавл құрылыс» компаниясында   түрлі лауазымда қызмет етіп, 1991 жылы механикалық жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалады. Ал   1995 жылы өз компаниясын   ашты.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ,  ҚР ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ:

- Серіктестіктің «Основание» деп аталу  себебі біз барлық құрылыстың ірге тасына керекті жабдықтарды жасап бастадық.  Өзім еңбек жолымды бастағанда осындай іргетастарды жасау бөлімдерінде жұмыс істедім. 90 жылдары әрине қиын кезең болды.  Бәрін басымыздан өткердік . Ал 2000 жылдардан бастап мемлекеттік баспана салу бағдарламасы бойынша, тұрғын үйлер салдық. 

Міне сол уақыттан бері 25 жыл өтті. Келер жылы серіктестік өздерінің мерей тойларын атап өтпек. Бүгінгі күні олар   тұрғын үйлерді салуға керекті барлық жабдықты, яғни бетон ерітінділерінен бастап есік,терезелерге дейін  өздері шығарады. Сергей Тимофеев үстіміздегі жылы 60 жасқа толмақ. Бүгінгі күні білікті маманның 2 баласы бар. Екеуіде әкісінің ізін жалғап, құрылыс саласында еңбек етеді. Құрметті  құрылысшы бос уақытында балықтар өсіруді  және бильярд  ойнағанды ұнатады.

Сондай-ақ, өзінің жұмыс орнында  сонау 1883 жылдан бергі    көне жәдігерлер сақталған мұражай  ашқан. Мәдени бөлмеде түрлі бұрынғы құрылыс саласына қажетті құрылғылар мен қатар тұрмыстық жағдайда қолданылған заттар да бар. Сонымен қатар, Сергей Тимофеев облыстық мәслихаттың депутаты.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ:

- Мен депутаттық жұмыста 5-ші  шақырылымнан бері қызмет етіп келемін. Жақында 6-шысы болады. Осы салада жұмыс істей бастағаннан бері барлық аудандарға барып, тұрғындармен тілдесіп, көптеген игі істер жасадық. Өзіме ұнайды. Қызықты жұмыс.

Қазіргі уақытта  Сергей Тимофеев басқаратын кәсіпорында  300ге жуық  адам жұмыс істейді. Олар үшін серіктестік басшылығы  арнайы тренажерлық залдар мен медициналық кабинеттер де ашқан.   

БОРИС  ГАКИЛЬБЕРГ, ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КӘСІПОДАҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Мен  Сергей Петровичпен  2012 жылдан бері таныспын. Өз жұмысына өте жауапты адам. Өзінің серіктестігіндегі барлық қызметкерлерге құрметпен қарап, әрқашан көмектесуге дайын тұрады. Менің ойымша ол тек ұжым арасында емес, бүкіл облыста сыйлы адам.

Өңірдегі көптеген мектептер мен сауда, тұрғын  үйлердің авторы дәл осы  Сергей Петрович негізін қалаған серіктестік. Бүгінгі күні де  облыс орталығында 330 пәтерлі тұрғын үйді салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...