ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

20:35, 8 тамыз 2019

Тамыздың екінші жексенбісі- құрылысшылар күні. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты жиында  сала мамандарын өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Асқар Сақыпкереев құттықтады. Үздіктері облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен, сондай-ақ,  «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды. Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Облыста соңғы жылдары құрылыс саласы айтарлықтай дамып келеді. Көптеген тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрғызылып жатыр. Осының арқасында Петропавл қаласы күн санап гүлденіп келеді. Бұл- құрылысшылардың ерең еңбегі десек қателеспейміз. Соңғы 7 айдың ішінде 70 мың шаршы метрді құрайтын баспаналар бой көтерді. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 2 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілетін болады. Оған қоса, студенттерге  жатақхана да салынады.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

- Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері. Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрылыс саласы экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін баса айтқан болатын. Облысымызда құрылыс саласы және технологиялар жабдықталып, құрылыс материалдарын өз өңірімізде өндіру қолға алынған. Бұл- аталмыш саланың табысты дамуының айғағы.

Шара барысында құрылысшылардың аққан маңдай тері ақталды.Александр Филипенко осы салаға сонау 1976 жылы келіпті. Сол уақыт аралығында өңірдің әлеуметтік дамуына өз үлесін қосқан. Қазіргі күні Александр Павлович «Вант» ЖШС директоры. Кәсіби мереке қарсаңында ол «Құрметті құрылысшы» төс белгісімен марапатталды.

АЛЕКСАНДР ФИЛИПЕНКО, «ВАНТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бала кезімнен құрылысшы болуды армандадым. Кейін мектепті аяқтағаннан соң, Омбы қаласына оқуға түсіп,  мақсатыма бір табан жақындай түстім. Петропавлда және басқа да қалаларды тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандарды тұрғыздық. Бүгін міне еңбегім елініп отырғанына өте қуаныштымын. Барлық әріптестерімді келе жатқан құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты. Өнер ұжымдары ән мен биден шашу шашты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...