ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ҚҰС ТҰМАУЫ ӨРШІП БАРАДЫ

17:18, 25 қыркүйек 2020

Ауыл шаруашылығы министрлігінің  мәліметі бойынша елімізде 220 мыңннан астам құс қырылып қалды. Оның 203 мыңы құс фабрикаларына тиесілі. Індет еліміздің 7 аймағында тіркелген. Қазіргі күні сау құстарды вакциналау үшін 2 миллион 400 мың дозаға жуық дәрі бөлінді. Бірінші қазанға дейін  тағы 700 мыңын өңірлерге жеткізбек.

Ирина Алексеева  Пеньково ауылының тұрғыны. Ауласында 10  шақты қаз ұстайды. Індет келді дегенді естігесін –ақ, бірден құстарын қораға қамаған.

ИРИНА АЛЕКСЕЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Құс тұмауы басталды дегесін, қаздарымды ешқайда шығармайтын болдым. Бүгін ветеринарларды шақырып, вакцина салдырып жатырмын.

Қызылжар ауданында  жекеменшікте 180  мыңнан астам, 4 құс фабрикасында 1 миллион 844 мың  құс бар.

АРМАН ЕЛЕУКИН,  АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ СТАНЦИЯ БАСШЫСЫ:

- Аудан бойынша бүгінгі күнге дейін 33 170 құсқа вакцина салынды. 16-17-інші қыркүйектен бастадық жұмыстарды. Үй-үйді аралап жүріп, қауіптілігін ескертіп, екпе жасап  жатырмыз.

Вакцина салудың өз ережесі бар. Және, егілген құстың етін 21 күннен кейін ғана жеуге болады.

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Ауылдың ветеринар мамандары ауру ошағынан буферлік аймақтағы, яғни, құс тұмауы шыққан жерлерден 20 шақырым радиустағы елді-мекендердегі  құстарға екпе салып жатыр. Жалпы облысқа 873 мың отандық вакцина жеткізілген болатын.

Қазіргі күні Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 аудандағы 18 елді мекен карантинде. Жалпы,  11 аудандағы 53 ауылдық округтегі құстарға екпе салу жоспарланған.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...