ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗДІ

20:45, 6 қараша 2019

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы  мамандарының кезекті  оқу-жаттығуы қала маңындағы су қоймаларының бірінде өтті. Резеңке қайығының аударылуымен байланысты суда туындайтын оқыс жағдайда құтқарушылардың іс-әрекеттері, дайындықтары  пысықталды. Оқу-жаттығу шарасында болған тілшіміздің бейнематериалы

Бұл дабыл адам өміріне қауіп төнген кезде шұғыл жағдайда қосылады. Сценарий бойынша қала тұрғындары балық аулау кезінде резеңке қайығымен аударылып, бірі суға кеткен. Екіншісі судың бетінде көмекке шақыра бастады. Құтқарушылар балықшыларды құтқаруға  дер кезінде жетті. Бірінші болып батып бара жатқан балықшы судан шығарылды.

Суға кеткен адамды құтқару үшін аквалангшы суға сүңгу жұмыстарын бастады. Құтқарушының киімі 70 келіге дейін тартады. Бұл киімнің көмегімен -20 градус ауа райында да суға сүңгуге болады. Самат Ордабаев жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы. Бұл қызметте 7 жылға жуық жұмыс атқарып келеді. Адамның өмірін арашалап қалу үшін олардың небәрі,  жарты сағат уақыты бар екен.

САМАТ ОРДАБАЕВ, ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

Өттегі баллоны 45 минутқа жетеді. Осы уақыт аралығында біз судың астынан адамды тауып алуымыз қажет. Су асты қараңғы, әрі лас, бұл құтқару жұмыстарын қиындатады.  112 нөміріне қоңырау түскен соң, жылдар әрекет жасап оқиға орнына 4 құтқарушы келеді. 

Жалпы, мұндай оқыс оқиғаларда адам өмірін сақтап қалу үшін департаментте 26 қайық, 11 автокөлік пен 50-ден аса құтқарушы дайын тұрады.

АЛТАЙ ТЕЗЕКПАЕВ, СҚО ТЖД  ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мынадай оқу-жаттығу жұмыстары жыл сайын болып тұрады. Осындай жаттығуларды біз өзіміздің құтқарушылардың жұмысын, осындай жаттығулар арқылы жақсартылып отырады.  Мына жаттығуларда балықшылардың өін-өзі сақтандыру құралдарын суға, балық аулауға шыққан кезде өздеріне құтқару жилеттерін киіп шығу керектігін айтар едік. Өзін-өзі сақтамаған адамдар ар жағы жамандыққа әкеп соғуы мүмкін.

ЖАНБОТА СЕНТАЕВА, ТІЛШІ:

Суда  жиі болатын төтенше жағдайлардың бірі резеңке қайықты пайдаланатын әуесқой балықшылармен болатын оқиғалар. Мынай қайықтар қауіпсіз емес болғанымен, балықшылардың арасында өте танымал, сұранысқа ие су көлігі болып табылады. Жалпы, жыл басынан осындай оқиғада 3 адам мерт болған Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті мамандары қауіпсіздік ережелерін ұстанғанды жөн дейді.

Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау, яғни су бетіне құтқару жилеттерін киіп шығу және қайықты пайдалануда аса сақ болу – қайғылы жағдайлардың алдын алмақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...