ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ

17:15, 16 қазан 2020

Осыдан тура 25 жыл бұрын ҚРның Тұңғыш президенті, елбасы Н.Назарбаев Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органдарын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері елімізде 19 қазан күні төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып келеді. Аталмыш датаға орай өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс құтқарушыларын мейраммен құттықтап, 10 қызметтік автокөліктің кілтін табыс етті.

Жылдам, мықты, шыдамды - бұл нағыз құтқарушының ең басты қасиеттері. Өйткені оларға үлкен жауапкершілік жүктелген. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайлармен күресу, олардың басты міндеті. Өңірдің құтқарушыларын төл мерекемен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлерімен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл ҚР азаматтық қорғау қызметіне 25 жыл толып отыр. Құтқарушы және өрт сөндіруші кәсіп ол кез-келген уақытта ерлікпен қаһармандықты, тез арада шешім қабылдауды талап ететін қызмет. Сондықтан осы 25 жыл бойы адал еңбекпен жасап жүрген еңбектеріңізге алғыс айтқым келеді.

Бір жыл ішінде шамамен 2мыңға жуық шақыртуға шығып, өзге жанның өміріне араша түсіп жүргендердің бірі № 2 мамандандырылған бөлімнің аға өрт сөндірушісі Асхат Жамбылов. Ол өзінің 20 жылын осы салаға арнаған. Кәсіби маманның еңбегі бағаланып, бірнеше рет марапатталды.

АСХАТ ЖАМБЫЛОВ, № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІСІ:

- Өрт сөндірушінің жұмысы былай қарасақ ауыр. Әртүрлі жағдайлар болады. Адамдарды құтқару керек. 2,18 Кешке болсын, күндіз болсын біз әрдайым дайын отырамыз. Каждый апатқа, өрт сөндіруге біз дайынбыз.Өз білгенімізді келешек, артымыздан келген өрт сөндірушілерге айтып түсіндіріп жүреміз.

Орталық алаңда департамент басшылығы өңір жетекшісі Құмар Іргебайұлын өздерінің материалдық базасымен де таныстырды.  Мынау қар-батпақта еш қиындықсыз діттеген жерге жеткізетін үлген габаритті Трэкол автокөлігі. 2-і жергілікті бюджет және тағы 1 темір тұлпар республикалық қазына есебінен сатып алынған.

- Сегодня у нас на вооружений до прошлого года 1 единица Трэкола была. В этом году купили еще 1. Мы ее зимой и весной активно используем.... Мы же в прошлом году ее закупили? ... да и уже эксплуатировали.

Сонымен қатар, бұл күні құтқарушылардың иелігіне НИВА маркілі 10 автокөліктің кілті табыс етілді. Олардың 1-і облыс орталығында қалдырылса, қалған 9-ы аудандарға жөнелтілмек. Бұл көліктердің арқасында құтқарушылардың ТЖ аймағына келу мерзімін айтарлықтай қысқарып, апаттық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттырады. Материалдық базаны жаңарту үшін екінші жыл қатарынан жергілікті қазынадан 100 млн теңге көлемінде қаржы бөлінуде. Мәселен былтыр осы сомаға өрт және құтқару техникасының 11 -і және өзге де құрылғылар мен жабдықтар сатып алынған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әрине жергілікті бюджеттен де Үкіметтен де материалдық базаны жаңартуға біраз қаражат бөлінуде. Былтыр да арнайы 11 техника сатып алынды. Биыл да 10 технкиа сатып алынды. Алған техника әрине осы қызметте одан әрі жақсы жұмыс істеуне ықпал болатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдай департаменті  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енді. Осылайша келер жылы Петропавлда қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған бірнеше нысанның құрылысы басталмақ.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫ:

- Алдағы жылы Алакөлдің жағасында жедел-құтқару жасағы құрылмақ. Және де Береке ықшам ауданында өрт сөндіру дэпосының құрылысы қолға алынбақ. Осылайша біз кез-келген төтенше жағдайдың алдын-алуға және оны жылдам жоюға мүмкіндік аламыз.

Жалпы қазіргі таңда облыстық төтенше жағдай департаментінің автопаркінде 150-ге жуық арнайы техника бар. Оның 80і  Петропавл қаласында. Сондай-ақ жылдың аяғына дейін аймаққа республикалық бюджеттен қосымша 6 өрт сөндіру көлігі келуі тиіс.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
13:06, 26 қазан 2020
ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...