ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ҚҰЖАТСЫЗ ЖҮРГЕН 237 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

17:15, 22 қазан 2020

Облыста биыл  құжатсыз жүрген 237адам анықталды. Оның 111-де туу туралы куәлік,  74-де КСРО паспорты болған. Ал қалғандарында мүлдем құжат болмаған немесе  туу туралы акт жазбасын құжат орнына ұстаған. Қазіргі таңда ел аумағында құжатсыз жүрген адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. СҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ІІМ Көші-қон комитетінің өкілдері мен СҚО ПД Көші -қон қызметі басқармасының басшылығы аталмыш мәселенің мән-жайын тарқатып айтты.

Көші-қон комитеті БҰҰ-ғы босқындар ісі жоніндегі Жоғарғы комиссарының  ҚР-ғы басқармасымен бірлесіп, ҚР азаматы немесе азаматтығы жоқ адамдарға құжаттарды рәсімдеу бойынша ауқымды республикалық  акция өткізуде. Құжаттары жоқ азаматтар тізімінде қазақстандықтар көп. Көршілес мемлекеттердің азаматтары тек 20 пайызды ғана құраған. Бұл акция  2021 жылдың мамыр айына  дейін  жалғаспақ.

САБЫРЖАН СЕЙІТЖАНОВ, ҚР ІІМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір тұрғындар мүмкіншілікті пайдалана отырып көші -қон қызметіне немесе адам құқықтары жөніндегі комитетінің заңгерлеріне жүгіне алады. Олар тиісті көмек береді. Жағдайлары жоқ адамдарға  айыппұл төлемдерін төлеуге адам құқықтары жөніндегі комитет тиісті қаржылық көмек береді. Жеке басты куәландыратын құжат болмаса тиісті мемлекеттік қызметті ала алмайды, зейнетке шыға алмайды. 

Көші-қон қызметі өкілдерінің айтуынша,  құжаты жоқ адамдар негізінен ауылды жерлерде кездеседі.

ТАЛҒАТ ӘБІЛОВ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жыл басынан СҚО 237 құжатсыз жүрген адам анықталды. Оның 111-де туу туралы куәлік,  74-де КСРО паспорты ғана болды. Қалғандарында мүлдем құжат болмаған немесе  туу туралы акт жазбасымен жүрген. Мұндай фактілер көбіне ауылды жерлерде кездесіп жатады.Айта кету керек ештеңеден қорықпаңыздар әр фактіні жекелей қарайтын боламыз.  Ешкім сізді ешқайда қамамайды. Полиция қызметкерлері түсіністікпен қарап құжаттарыңызды рәсімдеуге көмектеседі. Әр ауданда көші -қон қызметінің  қызметкерлеріне өтініш білдіруге болады.

Бес жыл ішінде СҚО көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаты жоқ 1611 адамды анықтап, құжаттарын алуға көмектескен. Мұндай санаттағы адамдардың саны жылдан жалға азаюда дейді аталмыш саланың мамандары.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...