ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚЫРАҒЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17:19, 10 тамыз 2020

Петропавлдық екі  тұрғыны  полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатовтың қолынан алғыс хаттар мен құнды сыйлықтар алды.   Төрт ай бұрын олар зейнеткерге шабуыл жасаған қарақшыларды ұстауға көмектескен  еді. Марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Қылмыс 8 сәуір күні орын алған. Бұрын сотталған Петропавл қ. 1983 жылғы тұрғыны және оның 27 жастағы  танысы бас қосудан кейін банкоматтан зейнетақысын алған егде жастағы әйелдің ізіне түскен.

ЛЮДМИЛА ТЕРЕНИНА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

- Үйіме келіп, домофонға бастым, есікті ашып ішке кірдім, олардың менің соңымнан кіргендерін байқамадым. Ол сөмкені жұлып алып, қаша жөнелді. Сыртқа жүгіре шықсам, ешкім жоқ, коронавирус. Мен Ғ. Мүсірепов көшесі бойындағы айналма жолға жүгіріп шықтым, таксиске қол бұлғадым.

Таксиші Сергей Кузенёв және жақын жердегі дүкен сатушысы Лариса Бурлёва көмекке келеді. Олар  әйелді ұстап берген.  Көп кідірмей тонаушыны патрульдік полицейлер құрықтады.

СЕРГЕЙ КУЗЕНЁВ, ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Рижская айналма жолына қарай бара жатқанмын, қарасам әжей қолын бұлғап жүгіріп келеді. Мен әуелі түсінбедім, тоқтадым, ол : «Мені тонады» деді. Бұрын мұндай жағдай басымнан өтпеген, менің орнымда кез-келген азамат дәл осылай жасар еді.

14 шілде қылмыскер сотталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын толығымен өтелді. Құқықтық тәртіпті сақтауда адамдарды марапаттау – полицейлердің игі дәстүрлерінің бірі, осындай сәттер тәртіп сақшылары мен халықты жақындата түседі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...