ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ

17:58, 5 қараша 2019

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгіліне сақадай сай. 300ден астам қызметкер мен 1200-ге жуық техниканың  дайындығы бүгінгі «Қыс 2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында тексерілді. Іс-шара екі күнге жоспарланған. Оқу-жаттығулар аудан орталықтарында да өткізіледі.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, былтыр қыста төтенше жағдайлар департаментіне облыс тұрғындарынан қар құрсауында қалғандығы жөнінде 34 хабарлама түсіп, 300ге жуық адамды үсік шалған. Биыл осындай жағдайлардың алдын-алу мақсатында 280 жылыту орны алдын-ала дайындалған. Бүгінгі командалық -штабтық оқу-жаттығуға облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты.

АНТОН ФЕДЯЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Қыс 2019» жаттығу жұмыстары бүкіл қазақстан бойынша басталды. Шара екі күнге жоспарланған. Жаттығу жұмыстары аясында тжд мамандарының және техникалардың қыс мезгіліне дайындықтары тексеріледі.

Сондай-ақ биыл облыстық ТЖД   9 техникамен толықты. Одан бөлек құтқарушыларға арналған киімдер мен түрлі қажетті жабдықтар да жаңартылған.  Осы мақсатқа бюджеттен 640 млн теңге жұмсалды. Бұл облыста болатын апаттық жағдайлардың алдын алу мен оларды залалсыздандыру шараларын күшейтуге мүмкіндік бермек.

ЕРІК САРЫБАЕВ, ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- ТЖД биыл үлкен көмек көрсетілді. Бұл 3 бірдей «Трэкл» өтімділігі жоғары қыс мезгілінде, және көктемгі су тасқыны кезінде өте қажет көліктермен жабдықталып отыр. Сондай-ақ камаз вахтовка дейміз. Өтімділігі 3 білікті техникамен қамтамасыз етіліп отыр.

Іс-шара барысында қыс мезгілінде кездесетін апаттық жағдайлардың алдын-алу жұмыстары да көрсетілді. Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінде төмен температура салдарынан су  құбырлары мен кәріз жүйесі жиі жарылады. Бір құбырды жөндеуге 4-5 сағат уақыт кетеді екен.

ИГОРЬ ШОРОХОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БРИГАДИРІ:

- 300 диаметрлі су құбыры тесілген. Оны біз міне қазір жөндедік. Күн суықта мұндай жағдайлар орын алмас үшін, алдын-ала ескі құбырларды ауыстырғанбыз. Енді биыл ешқандай төтенше жағдай болмайды деген ойдамыз.

Қазіргі уақытта, ТЖД техникаларының 70 проценті ескірген, биыл автопарктің 10 пайызы ғана жаңартылыпты.  Алда техниканы жаңалау жұмыстары жалғасын табады деген үміттеміз дедй мамандар.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...