ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ТЕГІН МЕҢГЕРУГЕ МҮМКІНДІК

13:09, 11 қыркүйек 2019

Петропавлда латын әліпбиін үйрету бойынша оқу курстары басталды. Сабақтар тілдерді оқыту орталығында аптасына 2-рет жүргізіледі. Айта кету қажет, оқу курстарына кез-келген адам жазыла алады. Толығырақ әріптесім айтып береді.
Қазақстан латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшуді жоспарлап отыр. Осыған байланынысты өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Тілдерді дамыту орталығында өтіп жатқан оқу курстары қыркүйектің басында басталған. Оған 20 адам жазылған екен.

ҮМІТЖАН ШЫНТЕМІРОВА, ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


-Біздің әдіскерлер Нұр-Сұлтан қаласына барып, курс өтіп келді. Қазақ тілі жаңа емлесе методикасы бойынша. Келгесін осы Петропавл қаласында өзіміздің орталықта беретін мұғалімдерге қысқа мерзімдік курс өткіздік. Мамыр айында осы қалада екі күндік семинар өткізілді. Сол кісілер осы бағытта жұмысқа тартылатын болады. Тамыз айында латын графикасымен істелінген жасалған пернетақтаны апробациядан өткіздік. Осыған 500-ден астам адам қатысып, сауалнама толтырып, өз пікірлерін қалдырды.

Райгүл Сердалина- қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Оның айтуынша ұстаздар ең бірінші кезекте латын әліпбиін үйренуі керек. Бұл- заман талабы.

РАЙГҮЛ СЕРДАЛИНА, №40 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:


- Біріншіден ыңғайлысы жұмыстан кейін кешкі алтыда асықпай келеміз. Бір жарым сағат көлемінде білім алып жатырмыз. Сабақ өте қызықты, тартымды, түсінікті өтіп жатыр. Сабақ өте жоғары деңгейде. Біз қазір диктантты жақсы жазып жүрміз. Менің оқушыларым келешекте колледжде де университетте де ешқандай қиындықсыз оқығанын қалаймын.

Бұл-латын әліпбиін үйреніп жүргендердің бірінші легі. Сабақтар аяқталғаннан кейін әр оқушыға сертификат табысталады.  Айта кетейін, жаңартылған әліпбиді тегін меңгеруге болады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...