М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж ұжымы наурыз мейрамын қарсы алды

Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі наурыз мейрамын қарсы алды. Оқу ордасында өткен «Тәуелсіздікпен жаңғырған әз Наурыз» атты мерекелік концертте ұлттық салт дәстүрлер көрсетіліп мерекелік дастархан жайылды. Толығырақ, Балжан Бекмағамбетова тарқатады.

11:27, 17 наурыз 2017   186

Бұл фестивальдің негізгі мақсаты – оқушыларды ынтымаққа, бірлікке шақыру. Театрандырылған  көрініс  мерекенің  шырайын аша түсті.  Кейін ел Тәуелсіздігінің мерейін асқақтатқан  жыл басы Әз Наурызды қарсы алушы  қауымға ыстық Наурыз көже таратылды.

Ал спорт залында қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Оның ішінде  бес асық, тоғызқұмалақ, қол күресі де бар. Солардың ішінде асық ойынына деген оқушылардың қызығушылығы ерекше болды. 

Аманжол  НҰРТАЗИН

 

«Қазақстан-Петропавл» телеарнасының ресми сайты

150000, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 1 үй Байланыс телефондары: 8 (7152) 46-84-60