Гидрометеорологиялық мониторинг тобы Петропавл қаласындағы Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығын өлшеді. Мамандар әрбір 19 гидрологиялық бекетте айына үш рет судың бетінде өлшем жүргізеді. Бұл жұмыстар көктем мезгілінде су басу қаупі бар елді мекендерді алдын ала анықтау үшін жасалады. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.
Станислав Дмитриенко гидрологиялық бекеттерге жауапты адам. Облыс бойынша бекеттердің саны 19. Мұздың қалыңдығы айына 3 рет өлшенсе, Станислав осы жұмыстың барысын бақылап, көрсеткіштерді арнайы кестеге енгізіп отырады. Ал, бүгін, Есіл өзеніндегі мұздың беріктігін өлшеп көрді.
СТАНИСЛАВ ДМИТРИЕНКО, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР-ГИДРОЛОГ МАМАНЫ:
10 қаңтар, яғни соңғы өлшемдерге сәйкес облыс бойынша Есіл ауданындағы гидрологиялық бекетте мұздың қалыңдығы 70см болса, Ғ.Мүсірепов аданында небәрі 14 см екен. Мұз өлшеу жұмыстары көктемгі су тасқыны мезгіліне қажетті болжам жасауға мүмкіндік беретін көрінеді. Деректер мен ақпараттар сараптамадан өткізіліп, болжам шығарылады. Сөйтіп бұл мәліметтер дер кезінде алдын алу шараларын жүргізу үшін төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік өкілдеріне жолданады.
РАТМИР ЯКУБОВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ГИДРОМЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР-ГИДРОЛОГ МАМАНЫ:
- Облыс бойынша орташа мұздың қалыңдығы 20-60 см. Өткен жылмен салыстыратын болсақ екі есеге көп. Әлі де аязды күндер күтіп тұрғандығын ескерсек, бұл көрсеткіш ұлғаяды деп болжам жасап отырмыз.
Бұл бекеттерде мұздың қалындығын ғана өлшеп қоймай, ауа температурасын, жауын-шашын мөлшері, қар түсу сяиқты метеобақылаулар жүргізіледі. Мәселен, Рузаевкадағы метеостанцияда, биыл жер 118 сантиметрге дейін қатқаны анықталды. Былтыр бұл көрсеткіш 45 см құраған.
Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ