ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

МАМАНДАР ТАПШЫ

17:18, 28 қазан 2020

Облыста жол құрылысы саласының мамандары тапшы. Өңірдегі 70 шақты  компанияның әрқайсысында 20-30 арнайы білімі мен тәжірибесі бар орта буын жұмысшылар  жетіспейді. Жолдың жыл сайын ойылып, бюджеттің қаржысының желге ұшуына бір себеп осы дейді мамандар.

Дулат Қалижан    Құрылыс-экономикалық коледжінің студенті. Мамандығы жолшы болмаса да, осы салада  тәжірибелік практикадан өтуді жөн санапты.

ДУЛАТ ҚАЛИЖАН, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУШІ:

- Өндірістік тәжрибеге келгенмін. Жұмыс ұсынғасын қалдым, карантин уақытында жұмыс істеп ақша тауып жүрмін.

Татьяна Ваистинова  жол салатын ірі  компанияның зертхана меңгерушісі. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Оның айтуынша, жыл өткен сайын осы салада маман тапшылығы өте өткір сезілуде. 

ТАТЬЯНА  ВАИСТИНОВА, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

-  Прораб, шебер секілді тәжірибелі мамандар жетіспейді. Амалсыздан,  басқа саланың мамандарын аламыз. Бұл біріншіден жолдың сапасына кері әсер етеді. 90-ыныншы жылдарда жастардың жаппай заңгер, экономист мамандығын таңдауының салдарын енді көріп отырмыз.

Арнайы білімі бар мамандардың жетіспеуінен жол құрылысына жолдан қосылған біліксіз жұмысшылар көбейіп кеткен.  

ЖОЛДЫБАЙ ТЕНТЕКОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Келесі жылдан бастап ұлттық жол сапа орталығы 15-20 жасты оқытуды жоспарлап отыр. Негізінен аз қамтылған,  оқу ақысын төлей алмайтын   отбасынан  шыққан балаларға қолдау көрсетеміз.  Қазірдің өзінде, зертханада маман жетіспегендіктен 3 студентті штаттан тыс жұмысқа алдық. 

Мамандардың айтуынша, бұл бүкіл ел бойынша өзекті мәселе. Жолшы мамандығынан қадыр кетуінің бір себебі маусымдық жұмыс болғасын,  тұрақтап қалатындар аз.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...