ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

«МАСКА ТАҒЫҢЫЗ» АКЦИЯСЫ

20:43, 16 қазан 2020

Коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында республикамызда «Маска тағыңыз» акциясы басталды. Петропавлда Жастар  бастамасы бөлімі волонтерлері аталмыш акцияны қолдай отыра халық көп жүретін жүргіншілер жолына  бояумен «Маска тағыңыз» хэш тегін  жазды. Акцияға барлығы 10 ерікті қатысты.

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған мұндай шараларға өңірдің жастары белсенді ат салысуда. Олар бүгін қаламыздың халық көп жүретін жүргіншілер жолдарына «Маска тағыңыз», «Носите маску» хэш-тэгін түрлі бояулармен жазды. Бұл сөздер тұрғындар назарына тез ілінеді дейді шараны ұйымдастырушылар.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, ВОЛОНТЕР:

Бүгінгі мақсатымыз облысымызда бүгіннен бастап карантиндік шаралар күшейтіліп жатыр. Қала тұрғындары кейбіреулері маска тағуды ұмытып жатыр. Бағдаршамдар маңында жасыл жанғанын күткенде кейбіреулер маска тағуды ұмытып кеткенде көз алдарында тұру мақсатында жасап жатырмыз. Қала бойынша көп жүретін жерлерге айталық сауда үйі базар маңына, саябақтарда осындай жазуларды жазатын боламыз.

«Сақтансаң сақтармын» демекші, аурудың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жан жақты күшейтілуі керек.  

ЖолдарҒа маска тағыңыз деген жазулар жазып жатыр. Бұл дұрыс шара деп ойлаймын. Пандемияда  өзімізді аман сақтап қалу үшін отбасымыздың басқа адамдардың аман дені сау болуы үшін жасалып жатқан шаралар ғой. Масканы міндетті түрде тағып жүрейік.

Соңғы жаңалықтарға назар АУДАРСАҚ коронавирус инфекциясы таралып жатыр. Күз мезгілінде асқынАДЫ. Сондықтан алдын алу шаралары жан жақты  жүргізілу керек.

Акция алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Бұған дейін Жастар бастамасы бөлімімен еріктілер ұйымы тұрғындарға  ақпараттық жаднамалар мен 15000 МАСКА таратқан.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
13:06, 26 қазан 2020
ЖЕРЛЕСІМІЗ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҚАРИ АТАНДЫ
Толығырақ...
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...