ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ

17:58, 12 қараша 2019

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 3 жыл толды. Ал осыдан 1 жыл бұрын қараша айында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялаған болатын. Өңірде осы бағдарламалар аясында 13 жоба жүзеге асып жатыр. Мақсат – мәдени, әдеби мұраны сақтау. Петропавлда облыс кітапханашыларының басын қосқан семинар өтті. 

"Рухани Жаңғыру" және "Ұлы даланың 7 қыры" бағдарламалары аясында кітапханалар қорын толықтыру да басты назарға алынған. Мәселен, Шал ақын ауданында өлкетану қоры ашылып, кітапханаларда жергілікті авторлардың кітаптары да көбейген.  Сондай-ақ, аудан тұрғындары  республикалық   "Кітап оқып рухани бай бол" байқауына белсенді қатысты. Сайысқа қатысуға ниет білдіргендер 3 кезең бойынша бақ сынасты.  Олар ұлы авторлардың шығармаларынан үзінді оқЫП, бейнеролик жіберді. кітапханашылар дайындаған сұрақтарға жауап берді.

ҚАЛҚА БАЙТУКИНА, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Байқауға қатысушылар белсенділік танытып, өлеңдерді жаттап,  біздің классиктердің шығармаларынан мәнерлеп үзінділер оқи бастады. Бұл өте қуантарлық жәйт. Осындай сайыстарды жиі ұйымдастырып тұру керек деп ойлаймын. 95 жастағы оқырманымыз бар. Оның үйіне кітапты алып барып береміз.

Ал Тайынша ауданында 39 кітапхана жұмыс істейді. Онда 360 мың кітап  бар. "Жастар.Уақыт.Кітапхана " жобасы аясында қызықты адамдармен кездесулер және кітаптардың тұсаукесерлері өткізіліп тұрады екен.  

ЛЮБОВЬ КИРЮШИНА, ТАЙЫНША АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Аудандағы Озерный ауылында  кітапхана бар. Ол ауылға тек Қазақстаннан ғана емес, Польша мен  Германиядан да  еріктілер мен жастар келеді. Өздерімен бірге түрлі шетел әдебиеттерін әкеліп, тапсырады. Сондай-ақ түрлі конференциялар да ұйымдастырылып тұрады.  

Қазіргі уақытта рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі " жобасы жүріп жатыр.

ЭЛЬМИРА ТАНАҚҰЛОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазақстанда, оның ішінде біздің де облыста «Ерекше адам» жобасы жүзеге асады. Бұл жобаға ерекше дарыны бар, немесе белгілі бір саланың үздіктері , біздің жерлестеріміз қатыса алады. Аталмыш жоба енді ғана қолға алынып, дамып келеді.

Бүгінгі күні өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 жоба қолға алынып, жүзеге асырылЫП ЖАТЫР.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...