ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАНЫ ТАҢДАҒАН ОТБАСЫ

13:02, 19 шілде 2019

Ғ.Мүсірепов ауданының дәрігерлері туған жерінде еңбек етуді парызым деп біледі. Қарағанды медициналық университетін аяқтаған Алтай Әлімжанов ауылынан түскен бір қоңыраудан соң өзге өңірдегі жұмысын тастап, көшіп келген. Жас маман қазір кіндік қаны тамған жерде табысты еңбек етіп жатыр.

Алтай Әлімжанов 2016 жылы Қарағанды медициналық университетін тәмамдап, Ақмола облысының Есіл қаласында еңбек жолын бастаған. –Бір-екі жыл тәжірибе жинақтап, аяққа тұрған соң Ғ.Мүсірепов ауданына шақырту алады. Өз жерінде дәрігер тапшылығын естіген Алтай көп ойланбастан, отбасымен Рузаевка ауылына қоныс аударған.

АЛТАЙ ӘЛІМЖАНОВ, РУЗАЕВ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕРІ:

- Жұмыс барлық жерде бірдей, анда-мұнда таңдап жүрудің қажеттілігі жоқ. Барлық жерде сенің көмегің керек болған соң, осы мамандықты таңдаған соң көшіп келдім. Ұжым да жақсы, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жібереді.

2018 жылдың қараша айында көшіп келген Әлімжановтар отбасын аудандық аурухана уақытша баспанамен қамтып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша пәтерге кезекке тұрғызған. Денсаулық сақтау басқармасы арқылы жас мамандар көтермеақысын да алған.

 ӘСЕЛ ӘЛІМЖАНОВА, РУЗАЕВ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕРІ:

Терапия мамандығын бірге таңдадық, бір курсты толығымен бірге оқыдық. 4 курстан кейін екеуміз үйлендік. 5 курстан кейін бірінші диплом алдық, бакалавр мамандығы бойынша, сол кезде бірінші баламыз туды. 2016 жылы интернатураны, 7 курсты терапевт мамандығы бойынша бітірдік. Ол кезде бізде екінші баламыз, қызымыз дүниеге келді. Тамыз айында 6 жыл болады бірге тұрып жатқанымызға және де бірге жұмыс істеймііз.

Аудандық аурухана бас дәрігерінің сөзінше жас отбасы жұмысына тиянақты және де науқастарды емдеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...