ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕДІ

20:35, 13 қаңтар 2020

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Биыл да бұл игі іс өз жалғасын тапты. Өткен демалыс күндері қыз-келіншектер сый-сияпат алып,  Қызылжар ауданының Архангелка ауылында орналасқан кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған үйге барып қайтты.

Жемістер, тәттілер мен ойыншықтар. Сыйлықты мол етіп алған кәсіпкерлер балаларға қажет заттарды ұмыт қалдырмапты.  Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы балалар үйіне сый-сияпат жасады. Олар бұл кездесуді көптен бері жоспарлағанымен, сәті бүгін түскен.

БАҚЫТЖАН СӘМИЕВА, СҚО ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Мұндай іс-шараны жаңа жылдық мереке қарсаныңда қалада өткіземіз бе деген ойымыз болған еді. Өкінішке орай, Алматы қаласының маңында әуе апаты болып, елде қаралы күн жарияланды. Сол себепті, осылай кеш өткізіп отырмыз. Ештен кеш жақсы деген бар. Біз қоғам ретінде ата-ана қамқорын көрмеген балаларға  барынша қолдау жасауымыз керек.

Қазіргі таңда Архангелкадағы мекемеде  қиын жағдайға тап болған 30ға жуық бала тұрады. Мұнда қонақтарды асыға күтеді. Бұл жолы да үлкен мерекелік дастархан жайылды. Ал, іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері олардың әрқайсысына жаңа-жылдық сыйлық табыс етті. Жеткіншектер де өз кезегінде меймандарға ән-жырдан шашу шашты.

ВАЛЕНТИН ПЯТУНИН, КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЙДІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

- Барлығын жаңа жылмен құттықтаймын. Осындай шара өткізіп, біз секілді балаларға қамқорлық жасап жүрген жандарға алғысым шексіз. Жер бетінде бүлдіршіндердің барлығы да бақытты өмір кешсін деп тілеймін.

Кездесу соңында мекеме тәрбиеленушілері меймандарға өз колдарымен жасаған кәде-свыйларды тарту етті.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР  АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
17:17, 29 мамыр 2020
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар