ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ Толығырақ

МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІ ШЫҒЫНҒА БАТТЫ

17:15, 30 шілде 2020

Осы күні облысымызда 30 мыңға тарта шағын және орта бизнес салық органдарында тіркелген. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға   байланысты, кәсіпорындардың 6 пайызы жұсымын уақытша доғарған. Әсіресе, тойхана бизнесінің жағдайы мәз емес. Бұған кәсіпкерлер палатасы алаңдаулы.

Тойшыл халықпыз. Алып-сатарлар мен тойхана иелері халықтың қаражаты есебінен күн көріп, табысты молынан табатын. Тиісінше, салық түсімі де аз болмады. Қазіргі таңда жағдайлары мәз емес.  Соны айтып, біраз мейрамхана иесі кәсіпкерлер палатасына жүгініпті. 

МАРАТ ЫСҚАҚОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қызмет көрсету саласы, соның ішінде мейрамхана бизнесі тоқтап қалды. Бұл үлкен мәселе. Осы істің басы-қасында жүрген көп адам жұмыссыз қалды. Сол сияқты туристік бағытта да қиыншылық бар. Туристік фирмаларға өтініш қалдырған азаматтар шетелге шыға алмай жүр.  

Осы күні облысымызда 30 мыңға тарта шағын және орта бизнес салық органдарында тіркелген. Шиеленіскен жағдайға байланысты, кәсіпорындардың 6 пайызы жұсымын уақытша тоқтатты. Дей тұрғанмен, санитарлық талапқа қарсы шығып, заңға қайшы әрекет етіп жатқандар баршылық.  Кәсіпкерлер палатасының есебінше, өңірде 50 кәсіпорынға ірі мөлшерде айыппұл салыныпты. Осы тұста айта кетейін, бұдан былай маска тақпаған сатып алушы үшін саудагер жазаланбайды. Айыппұл төлемейді. Бұл норманы кәсіпкерлер палатасы дұрыс емес деп тиісті министрлікке хат жазған. Солай, норма заңды күшін жойды. Қазіргі таңда палата қызметкерлері қол қусырып отырған жоқ. Бизнесмендердің  қатарын қалыңдату қамымен жүр.   

МАРАТ ЫСҚАҚОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Бастау» жобасы аясында ІІ-ші лек оқыту курсынан өтіп жатыр.  Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздарына тәжірибелі мамандар кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс оқиды.  Есеп-қисап, заңгерлік, маркетингтік қызметтер бағытында онлайн түрінде консультация береміз. 

Тоқ етерін айтқанда, өңірлік кәсіпкерлер палатасы коммерциялық емес қызмет түрін ұсынады.  Іскер азаматтарға консультация береді, мәселелерін жан-жақты қарастырып, құқықтарын қорғайды.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:35, 3 тамыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар