ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

17:17, 30 шілде 2020

Енді мемлекеттік қызметкерлер «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналаса алады. Бұған дейін бұл жоба тек өзге салаларда қызмет ететін мамандарды қамтыған еді. Биыл шілденің 3 күні мемлекеттік қызметке іріктеу, мансаптық өсу және конкурстан тыс тағайындау және әлеуметтік шаралар бөлігінде редакциялық өзгертулер енгізілді. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Тың өзгерістер мемлекеттік қызметтегі «А» корпусына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл санатқа кіретін қызметшілерге тиесілі кадр резерві жойылды. Сондай-ақ, әкімшілік лауазымдарына тағайындау және босату комиссиямен келісу арқылы конкурссыз жүзеге асырылады.   

РАМИЛЬ БАХРИРАЗИЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:

Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқарады. Өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.2

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының таралу төңірегі кеңейтілді. Мемлекеттік қызметкерлер де тың жобаның шарапатын сезіне алады. Бұл өзгеріс тек атқарушы қызметте еңбек етіп жүрген және жұмысқа маман ретінде ораналасайын деп жатқан тұлғалаларға тиесілі. Мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың көмекшілері, кеңесшілері және баспасөз хатшыларын қабылдау үрдісіне өзгерістер енгізілді.

РАМИЛЬ БАХРИРАЗИЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:

Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының кеңесшілері, көмекшілері, баспасөз хатшылары лауазымдарына конкурст өткізілместен орналасуға жол беріледі.

Айта кету керек, барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында да конкурс өткізу шарасы жойылды.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:35, 3 тамыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар