ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

17:23, 4 маусым 2020

Өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Адалдық алаңы» жобалау офисінің жетекшісі Төлеген Байғұлов  Петропавлдағы «I KOMEK» байланыс орталығының жұмысымен танысты. Жарты жыл бұрын іске қосылған колл орталық тұрғындар арасында сұранысқа ие. Оған қоса, қалалық бюджетті құруда да көмегі зор.  

Жыл басынан бері «I KOMEK» орталығына петропавлдықтардан 82 мың 733 өтініш келіп түсті.  Қала тұрғындары коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты сұрақтарын, шағымдары мен ұсыныстарын бірыңғай 109 номеріне хабарласып білдіреді.   Әсіресе карантин кезінде орталықтағы операторлардың жұмысы әлдеқайда көбейген.

ҒИЗАТ ТАЙЖАНОВ, «I KOMEK» БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Өтініштердің басым бөлігі карантин кезінде келіп түсті.  Бізде әдетте 3 оператор жұмыс істесе, наурыз-сәуір айларында бір мезетте 10 маман жұмысқа шықты. Сұрақтардың көбі - санитарлы дәрігерелердің қаулысына қатысты болды. Оған қоса, тұрғындар коммуналдық қызметтерге қатысты өтініштерін де білдіріп жатты. 

Республикалық «Адалдық алаңы» жобалау офисінің жетекшісі Төлеген Байғұлов   «I KOMEK» орталығының жұмысымен танысты. Мамандардың айтуынша, еш бір өтініш  жауапсыз қалмайды.  Оған қоса, шағымдар мен ұсыныстарды саралаудың нәтижесінде мемлекеттік орган қала бюджетін одан әрі тиімді құрады.  IKOMEK 109 байланыс орталығы  үшін Петропавлдың арнайы  электронды картасы құрылды.  Мұнда көпқабатты үйлер мен аулалардағы жөндеу жұмыстары туралы, қоғамдық көліктің жұмысы жайында толық ақпарат бар. Төлеген  Байғұлов сонымен қатар, қалалық әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан азаматтарды қабылдау бөлмесін де көрді.

Кейін республикалық «Адалдық алаңы» жобалау офисі жетекшісінің қатысуымен жиын өтті. Отырыс басында облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске қосылған қанат қақты жоба жайында айтып берді.

ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жоба 4 бағытта іске асады. Солардың бірі Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау. Яғни көпқабатты үйлердің тұрғындары үйлерін бөлінген қаражжаттың есебінен күрделі жөндеп, 15 жылдың ішінде бұл қаражатты бюджетке қайтарады.

Петропавлда 2011 жылдан бері 165 көпқабатты үй  2,6 млрд теңгеге күрделі жөнделді. Биыл бұл мақсатқа 2,5 млрд теңге бөлініп, 51 үйді қалпына келтіру жоспарланған. Осы орайда билік өкілдері мен пәтер иелері коперативтері тығыз қарым қатынаста жұмыс істеуі тиіс.

ТӨЛЕГЕН БАЙҒҰЛОВ, ҚР  «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛАУ ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бағдарлама 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биыл да 50-ден астам үй қалпына келтіріледі екен. Жөнделген үйлерді мониторингқа алған дұрыс. Жұмыс қаншалықты сапалы орындалды, тұрғындар риза ма? Өйткені, сосын 15 жыл бойы сол қарыздарын өтейді ғой. Сондықтан 2011 жылдан бері бағдарламаға қатысқан үйлерді назарға алсаңыздыр.

Жиын соңында жобалау офисі, қалалық әкімдік пен пәтер иелері кооперативінің қауымдастығы өзара әріптестік жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...