ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ҚАҒАЗДАР 94% ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

13:04, 17 ақпан 2020

«Тілдерді дамыту мен қолдану 2011-2019» бағдарламасы аясында облысымызда біршама жұмыс атқарылды. Мәселен, өңірімізде  мемлекеттік іс-қағаздар  94% қазақ тілінде жүргізіле бастаған.  Бұл Республикалық  көрсеткішпен салыстырғанда әлде қайда жақсы нәтиже. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың  200ге жуығы тұрғындарға мемлекеттік тілде қызмет көрсетеді. Ал елімізде қазақ тілінің мәртебесін жоғарлату мақсатында, биыл жаңа  «2020-2025 тіл саясатын жетілдіру» бағдарламасы күшіне енбек. Оның аясында облысымызда латын қарпіне біртіндеп көшу мен тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізу жоспарланған.

«Тілдерді дамыту мен қолдану 2011-2019» бағдарламасы аясында облыста мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілген. Нәтижесі де көңіл көншітерлік.  Мәселен, мектепке дейінгі мекемелерде қазақ топтарына барушылар  54 пайызға артыпты. Сәйкесінше, мемлекеттік тілде оқытылатын топтардың да саны көбейген. Сондай-ақ, жыл сайын қазақ тілінде оқитын оқушылардың  да үлесі арта бастапты.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- 2011-2019 жылдардағы бағдарламаның 4 мақсаты болды. Осы 4 мақсатқа біз жеттік. Көптеген жұмыстар атқарылды. Өңірде   іс-қағаздар мемлекеттік тілде Республикамен салыстырғанда, Республикада 93 пайыз болса, біздің өңірде 94,5 пайызға жеттік. Бұл ең үлкен көрсеткіштердің бірі. Әсіресе біздің солтүстік өңірге.

Аталмыш бағдарлама аясында РФ тұратын отандастарымызбен де жүйелі жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде, Түмен облысында 2 , ал Қорғанда 1  қазақ сыныбы ашылыпты. Облыстық тілдер басқармасы оқушыларға 700ден астам оқу құралы мен сөздіктер және электронды материал табыстаған.  Сондай-ақ, көршілес жатқан мемлекеттің қазақ сыныптарына сабақ беретін мұғалімдері үшін де арнайы семинар ұйымдастырылған. Ал биылдан бастап ел көлемінде «2020-2025 тіл саясатын жетілдіру» бағдарламасы күшіне енбек. Оның аясында, латын қарпіне көшу жұмыстары кең көлемде жүргізіледі деп жоспарлануда.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Облысымызда қазақ тілі әліпбиін латын граифкасына көшіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы 2 республикалық және 7 облыстық семинарлар өткізілді. Онда 960тан астам оқытушы мен аудармашылар латын графикасында қазақ тілін жазудың аңа ережелерін оқыту әдістемесімен танысты.

Бүгінгі күні өңірімізде 9 тренер толығымен жаңа әліпбидің құрылымын меңгерген.Айта кететін жәйт, тілдер басқармасы мамандарының айтуынша, облыс жастарының латын қарпін үйренуге  деген қызығушылығы  өте жақсы. 

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...