ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 63 % ӘЙЕЛ АДАМДАР

17:54, 14 ақпан 2020

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «жастар кадрлық резерві» жобасына   ел бойынша 13 мыңнан астам адам қатысқан. Ал олардың 100 шақтысы қазіргі уақытта басшылық лауазымға тағайындалды.

Мамандардың айтуынша, бұл  жоба жастарға үлкен серпіліс беріп, мемлекеттік аппарат  қызметінің тиімділігін арттыруға сеп болмақ. Жобаға  өтінім бергендердің 9-ы СҚО  тумасы болса, солардың 2-еуі ғана қазіргі уақытта туған жерінде еңбек етуде.  Сондай-ақ, ел президенті барлық салада кадр тұрақтылығын сақтау қажеттігін айтқан болатын. Тапсырмаға сай, біздің облыста  тиісті  іс-шаралар  жүргізілуде. Мәселен, былтыр 2018 жылмен салыстырғанда мамандардың жұмыс ауыстыруы 0,4 пайызға қысқарыпты. Ал жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің 76 пайыздан астамының лауазымы жоғарылап, мансабы алға жылжыған. Айта кететін жәйт, өңіріміздегі мемлекеттік қызмет  мамандарының 63 пайызын әйел адамдар құрайды.

ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мемлекеттік қызметке кіру үшін үміткерлер арнайы тест тапсырып, балл жинаулары қажет. Былтыр 1816 адам өтінім берді.  Заң болынша олардың білімдері сыналып, сынақтан сүрінбей өткенде ғана жұмысқа қабылданады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...