ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ

18:12, 9 тамыз 2019

Облыс  прокуроры  Бағбан Таймбетовтың төрағалық етуімен ведомствоаралық отырыс өтті. Онда мемлекеттік органдардың халықтан келіп түсетін арыз шығымдары мен өтініштеріне байланысты қалай жұмыс атқаратыны тексерілді. Статитистикалық мәліметтерге сәйкес 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында  мемлекеттік органдарға 40 мыңнан астам тұрғын түрлі мәселемен жүгінген. Олардың қаншасына сапалы қызмет көрсетілді? Келесі бейнематериалдан көре аласыздар.

Жыл сайын ел бойынша мемлекеттік органдарға 2 млн астам өтінім мен арыз-шағым келіп түседі. Ал өңірімізде олардың саны  былтыр 85 мыңға жетсе, жыл басынан - 40 мың. Тұрғындарды мазалайтын мәселелердің басым бөлігі жер учаскелері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік қорғау тақырыптарына қатысты. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің әрекеттері мен шешімдеріне байланысты да 2 мыңға жуық арыз,  шағым келіп түскен.

ЮЛИЯ БЕЛОНОГ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

- Арыз, шағымдар мен өтінімдерді қараған кезде мұқият болу керек. Оның себебін анықтап, ой елегінен өткізіп барып тиісті шешім қабылдау қажет. Өйткені көбінесе жүгінуші сол өтінішін қайта жолдап жатады. Бұл дегеніміз сол азаматтың мемлекеттің органдардың шешімі мен ісіне көңілі толмады, қанағаттанбады дегенді аңғартады.

Биыл мемлекеттік органдар 626 алты өтінімді қарау мерзімін ұзартқан, одан бөлек 52 өтінішті қарау мерзіміне баланысты ереже бұзылған. Ал қайта түскен арыз, шағымдарға келер болсақ ол мәселенің себебін тексеруге байланысты емес екен.

АЙДОС МАЙЛЫБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Әрбір жергілікті атқарушы  билікте халықпен тікелей және кері байланыс алаңдары болуы тиіс, бұл Үкіметтің тапсырмасы. Орталық прокуратурада осындай орталықтың ашылғанына бір жыл болды. Бүгінгі таңда ол нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Орталықтың басты міндеті бюрократияға жол бермей халыққа барынша тиімді қызмет көрсету.

Жиын барысында мемлекеттік органдардың  жүзеге асырылып жатқан бағадарламардан жайлы халықты хабардар ету жұмыстарын көңілдегідей атқармай отырғаны сөз болды. Осы орайда оларға келіп түсетін өтінімдер бойынша ведомствоаралық комиссия құру тапсырылды.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар