ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«МЕН – БРЕНДПІН!»

20:38, 1 қараша 2019

«Мен  – брендпін!» - осындай атаумен Петропавлда әйелдерге арналған бизнес –форум өтті. Оған өңірдің 50 кәсіпкер қыз-келіншегі қатысты, өзара тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқылады. 

«Мен - брендпін!» бизнес форумы  Open Space үлгісінде ұйымдастырылды. Қатысушылар бір-бірімен танысып, әр қайсысы өз ісінің, өз кәсібінің ерекшелігін айтты. Бұл тапсырмаға небары 10 минут қана берілді. Оған қоса  осы аралықта «мен кім?, қандай компанияны басқарамын?, шараға қатысуымның мақсаты не? « деген үш сұраққа жауап беру керек.

АЙЖАН КОЛЧИНА, БИЗНЕС-ФОРУМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бизнес форумды «Мен - брендпін» деп атадық.  Біздің кәсіпкер әйелдер үшін бүгінгі форум өте пайдалы болады деп сенеміз.Өйткені айналысатын салалары әр түрлі болғанымен,  әдетте бірдей мәселелерге кездесіп жатады.

Татьяна Хасанова Нұр-сұлтан қаласынан арнайы келген спикерлердің бірі.  Оның баяндамасы бизнесті бастаудың қыр-сырына арналды.

ТАТЬЯНА ХАСАНОВА, БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ:

Үш тренигтің біреу «мен-брендпін» деп аталды. Мұнда біз бренті қалай жасауға болатынын түсіндіреміз.  Нарықта орын алу үшін үнемі жетілдіріліп отыру керек. Екінші кезекте бизнес-модель құру.  Ең бастысы бәсекеге қабілетті өнім, қызмет көрсенткен жөн. Қазір тұтынушылардың талабы жоғары.  Сондықтан сапа бірінші орында тұруы керек.  

Елена Романова – флорист. Гүл саудасымен айналысып жүргеніне 5 жыл. Кәсіпкердің айтуынша, осындай форумдар бизнесмендердің алдында көптеген мүмкіндік ашады.  

ЕЛЕНА РОМАНОВА, КӘСІПКЕР:

- Әйелдер өздері ашқан кәсіпке басқаша қарайтын сияқты. Баласы сияқты аялап, оның жетілгенін қалайды.   

Мұндай кездесу алдағы уақытта да ұйымдастырылып, кәсіпкер қыз-келіншектердің бастаған істерінің дамуына ықпал етпек. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...