ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

13:02, 5 шілде 2019

Бүгін Қызылжар ауданы Бескөл ауылында «Мәңгілік елдің «Заң керуені» атты акция өтті. СҚО прокуратурасы, облыстық әкімдік, «Нұр Отан» партиясы филиалы және облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдері заңнамаларды түсіндіру, азаматтардың құқықтық білімін арттыру, халыққа жедел құқықтық көмек өкрсету мақсатында аталмыш акцияны ұйымдастырған. «Заң керуені» өңіріміздің барлық аудандарын қамтымақ.

«Мәңгілік елдің «Заң керуені» акциясы Елбасының ұлттық идеясын негізге алып құқық қорау органдарын дамыту мақсатында жасалған. Акция барысында жиналған сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілетін болады деі, облыстың бас прокуроры.  

БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:

- «Заң Керуені» акциясының мақсаты - азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, халыққа құқықтық көмек көрсету. Таңғы 8-ден 86 прокурор  86 елді мекенде түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.   

Прокуротура өкілдері Бескөл ауылында халыққа қызмет көрсету орталығыНДА, аудандық әкімдікте және  сауда-саттық орындарында ХАЛЫҚТЫ қабылдайды.  Тұрғындардың өтініштері мен арыздары негізінде тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік саланы, еңбек құқығын қорғау, жер заңнамасы, азаматтық-сот қадағалау, тергеу және анықтау мәселелерін қозғауға мүмкіндік алды.  Мәселен, Евгений Шведов кәсіби-педагогикалық колледжді тәмамдаған. Алайда, қолына дипломын әлі де ала алмай жүр.

ЕВГЕНИЙ ШВЕДОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен, Пресновка ауылының тұрғынымын. Петропавлда колледже оқыған уақытта барлық студенттер 3 қалалық емханада тіркеуде болды.  Диплом алу  үшін, яғни әр студент колледжді тәмамдаған соң, «кету» туралы қағазды толтырады.(обходной лист) Ол үшін мен, 3 емханананың тіркеуінен шығын аудандық емханаға қайта тіркелу қажетпін. Алайда қалалық емханадағы жасалған қателіктері үшін, мен туралы ақпарат электронды порталдан тіпті жоғалып кеткен. Осы себептен, оқу аяқтағаным туралы димломды қолыма бір аптаға жуық уақыт ала алмай отырмын.

Прокуротура мамандарының сөзінше, бұл электронды жүйедегі қателіктерге байланысты болу мүмкін. Олар емхана басшылығымен хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтауды қолға алды. Жалпы, акция  барысында қосымша тексеру жүргізуді қажет ететін тұрғындардың барлық арыздары мен өтініштерін мобильді топтар қабылдады. Олардың әрқайсысына нақты жауап беріледі.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар