Елімізде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған «Менің туым, Менің Отаным!» челленджі үлкен қолдауға ие болды. Патриоттық іс-шараны өңір азаматтары да іліп әкетті. Олар көпшіліктен қалыспай атқа мініп, көк байрағымызды көтерді. Бұл жолы челленджді Шал ақын ауданына қарасты Ысқақ Ыбыраев ауылының тұрғындары ұйымдастырды. Сюжетке назар аударайық.
- «Еліміздің ішін даусыз қыл, шетін жаусыз қыл. Азығымызды фатихадан қылғын, қазығымызды ықыластан қылғын. Қазақтың тәуелсіздігін қияметке дейін жалғасуын нәсіп етсін!».
«Менің туым, Менің Отаным» челленджі аз уақыттың ішінде үлкен қолдауға ие болды. Қазіргі таңда өңірдегі барлық аудан, ауыл азаматтары атқа қонып, көк байрақты көтеруде. Ысқақ Ыбыраев ауылында ұйымдастырылған шараға 30-дан астам салт атты адам, көлік мінген 100-ден астам адам қатысты.
«Менің туым, Менің Отаным» челленджі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Патриоттық іс-шара барысында ат жарысы, аударыспақ және қазақ күресінен де жарыс ұйымдастырылды.
ЕСЕН БАРЖАҚСИН, ЫСҚАҚ ЫБЫРАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бүгінде Ысқақ Ыбыраев ауылында 140-қа жуық үй түтін түтетіп отыр. Ауыл тұрғындары әр шараға белсене араласады. Бұл жолы да қаймағы бұзылмаған елді мекен ұйымшыл екенін көрсетті.
НҰРБОЛ БАЛҒАБЕКОВ, ТІЛШІ:
- «Ата-бабамыз аманат етіп тапсырған қасиетті мекенді көздің қарашығындай сақтау- бүгінгі және келер ұрпақтың парызы. Айта кетейік, «Менің елім, Менің отаным» челленджі тәуелсіздік құндылықтарды қадірлеуге, қорғауға бағытталған. Бастысы- еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым көкте желбірей берсін!»
Патриоттық шара алдағы уақытта дәстүрге айналмақ. Ауыл азаматтары алда келе жатқан Наурыз мерекесін де жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.
- «Біз Шал ақын ауданы, Ысқақ Ыбыраев ауылының намысы бар, шабысы бар, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жігіттері барлық іс-шараны ұйымдастырып, әрі қарай көрші Көктерек ауылына жолдаймыз. Бұлақ, Қарағай, Ақтас ауылдарына жолдаймыз. Алға Қазақстан!!!!»
Айта кетейік, патриоттық іс-шара Сергеевка қаласында, Карасевка, Ақан сері, Казанка, Қарағаш және басқа да көптеген ауылда өтті. Бұл шеру алдағы уақытта өзге елді мекендерде де ұйымдастырылмақ.
Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ