ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК

17:53, 10 желтоқсан 2019

Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мейрамханалар, мектеп, балабақшалар мен сауда үйлерінде халықтың қарасы қалың болады. Осы орайда қоғамдық жерлерде қауіпсіздік күшейтіледі.

Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы қаіупісздікке жауап беретін тұлғалардың басын қосып, ақпараттық түсіндіру шарасын өткізді. Сонымен қатар  жиналысқа саудагерлер де қатысты. Желтоқсан айының ортасынан бастап рейдтік іс-шара бастау алады. Тәртіп сақшылары, әсіресе, пиротехникалық өнімдер сататындардың лицензияларын тексереді. Рұқсат қағазы жоқтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Өйткені сауда орындарында пиротехникалық өнімдердің бәрі бірдей сапалы емес.Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бала тұрмақ ересекетердің өздері де жарылғыш не тез тұтанғыш заттарды дұрыс қолданбаудың салдарынан денсаулықтарына орны толмас залал келтіріп жатады.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЖБ БАСТЫҒЫ:

Базарлар мен дүкендерде сапасыз фейрвектер мен пиротехникалар көп сатылады. Саудагерлер де пиротехникалық өнімдер туралы тұрғындарға жөнді кеңес бермейді. Өйткені өздері қауіпсіздік шараларын білмейді. Мұны біз сауалнама барысында анықтадық.  Тез тұтанғыз бұйымдарды 18-ге толмаған балаларға сатуға болмайды. Ал сатушылар бұл ережені жиі бұзады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕСІ ҚАЙТАРЫЛДЫ
20:55, 13 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТЕҢГЕСІ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...
БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 9 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ
20:50, 13 тамыз 2020
БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 9 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРК...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...