ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

17:54, 29 қараша 2019

Бүгін қалалық әкімдікте 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында салтанатты жиын өтіп, шаһар басшысы Болат Жұмабеков түрлі сала мамандарын марапаттады. 7 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан шарада БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмады.

Марапатталғандардың бірі - Шолпан Үсенова. Ол облыстық балалар ауруханасының кардиоревмотология бөлімінде медбике болып еңбек етеді. Шолпанның 7 перзенті бар. Тұңғышы 27-де, ең кенжесінің жасы 5-те ғана. Бүгін көпбалалы анаға мемлекет басшысының қаулысымен «Алтын алқа» табысталды.

ШОЛПАН ҮСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕДБИКЕСІ:

Екі қызым бар, 5 ұлым. Қызым дәрігер болып істейді Қостанайда. Мен өзім облыстық ауруханада медбмке болып істеп жүргеніме бір жыл болды. Былтыр ғана медициналық колледж бітіргем. Жеті баланы тауып, енді еңбегімнің жемісін көрудемін.

Бұл күні халық пен билік арасын жалғап, бұқараның бұйымтайын жариялап жүрген БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмады. «Qyzyljar» телеарнасының аға режиссері Ирина Купина да шаһар басшысының қолынан алғыс хат алды. Телевидение саласына 17 жасында келген ол, бүгінде 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжіирибелі маман.

ИРИНА КУПИНА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АҒА РЕЖИССЕРІ:

Мен бұл салаға алғаш келгенде ештеңеден хабарым болмады. Дегенмен уақыт өте қызығушылық оянып өз жұмысымды ұната бастадым. Қызығы мен шығы қатар жүретін бұл мамандықтың өзге кәсіптерден ерекшелігі күн сайын жаңа адамдармен танысасың, тілдесесің, түрлі жағдайдың куәсі боласың. Енді осы сәтті пайдаланып барша қазақстандықтарды алдағы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз гүлдене берсін.

Шара соңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар ант қабылдады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...