ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

13:01, 12 шілде 2019

Мәжіліс депутаттарының өңірге жұмыс сапары жалғасуда. Халық қалаулылары кеше «Nur Otan» партиясының  ғимаратында тұрғындарды қабылдады. Солтүстікқазақстандықтар түрлі салада шешімін таппай жатқан мәселені қозғап, заң шығарушы органнан нормалардың солқылдақ тұстарын түзетуді өтінді. 

Мәжіліс депутаттарына бұйымтайын айтып келгендердің бірі - Александр Фролов. Жерлесіміз Мамлютка және Жамбыл аудандарында есімдері еленбей қалған соғыс ардагерлері бар дейді. Жеңістің 75 жылдығына дейін жауынгерлердің аты-жөндерін бекітіп, ескерткішке қашап жазса деген өтінішпен келіпті.

АЛЕКСАНДР ФРОЛОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Қазіргі таңда 200-ден астам соғыс ардагерінің тізімі қолымда бар. Маған сол тізімді әкімдіктегілер бекітсін деп жатыр.  Айтуларынша, интернеттегі мәліметтер ресми ақпарат емес. 

Мәжіліс депутататтарының айтуынша, елімізде есімі елге беймәлім соғыс ардагерлері көп екен. Мұндай мәселе өзге аймақтарда да көтеріліп жатқан көрінеді. Кәрібай Мұсырман Александр Фроловтың өтінішін аяқсыз қалдырмаймыз деді.

КӘРІБАЙ МҰСЫРМАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Сіз біздің атымызға хат жазыңыз.  Көтеріп жатқан мәселеңізді нақты көрсетіңіз. Біз өз кезегінде сол хатты облыс әкіміне жолдаймыз. 

Қоғамдық қабылдауда тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі сөз болды. Қазіргі таңда интернет саудасы дамып жатыр. Тиісінше, осы бағытта алаяқтық фактілері көбейген.  Мәжіліс депутаттары зардап шегушілердің қатары қалыңдамай тұрғанда тұтынушылардың құқығына қатысты нормалардың солқылдақ тұстарын түземіз дейді.  

ГҮЛНАР БИЖАНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл сұрақты біз «Nur Otan» фракциясының құқықтық кеңесінде қарадық. Бүгін тұрғындармен де талқылап, қарапайым халықтың ұсыныс-тілегін ескерудеміз. 

Қоғамдық қабылдау барысында мәжіліс депутаттарына әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау, адамдарды жерлеу қызметі жайлы бизнеске қатысты сұрақтар қойылды. Халық қалаулары өтініш-тілектерді заң аясында қарастырамыз деді.

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...