ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

МІНДЕТ. АБЫРОЙ. ЕРЛІК.

14:22, 6 мамыр 2019

Міндет, абырой, ерлік. Осыны ұран еткен ұлттық ұлан әскери институтында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Шара барысында мінсіз еңбек еткендер, антына адал азаматтар медаль, грамотлармен марапатталды.

Туған жерді қорғау әр ер азаматтың міндеті. Ал мына плацта сап түзеген курсанттар мен офицерлер мамырдың қос мерекесі қарсаңында салтанатты жиынға дайындалуда. Олардың әрбірі ел қорғаны сарбаздар үшін маңызды. Дәл 7ші мамыр күні еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев  Қазақстанның қарулы күштерінің құрылуы туралы жарылққа қол қойды.

БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ, ҚР ҰҰ ӘИ БАСТЫҒЫ:

- Туған елімізді, отанымызды қорғап жүрген барша солтүстікқазақстандық азаматтарды мерекемен құттықтаймын. Олар Қазақсатнның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар бейбіт күн сыйлаған ардақты ардагерлерге тағзым етемін. Оларға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін.

Ер азаматтың  бойында қайсарлықты, жауапкершілікті, ерік жігерін жеңе білуге сонымен қатар, антына адал болуды үйрет етін әскери институт бұл күні үздіктерді марапаттады. Бұл жылдағы дәстүр. Осы жолы 50-ден астам  курсант пен  офицер алғыс хат, медаль алды.

НҰРДӘУЛЕТ ОРАЛТАУ, -ҚР ҰҰ ӘИ КУРСАНТЫ

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне арналған іс-шара  парадпен аяқталды. Әскерилер оркестрдің сүйемелдеуімен салатантты маршпен өтті.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар