ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 13 тамыз 2020

Облыс тұрғындарының ішінде міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысына көңілі толмайтындар бар.  Айтуларынша қорға ай сайын төлем жасағанмен, кейбірі сақтандырылмаған болып шыққан. Кінә кімнен, түйткілдің туындауына не себеп? Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте мамандар мәселенің басын ашуға тырысты.  Тақырыпты әріптесім тарқатады.

Солтүстікқазақстандықтардың басым бөлігі медициналық сақтандыру қорының жұмысына наразы. Өйткені еңбекақыларынан жарна ұсталғанымен, тексеру барысында сақтандырылмаған болып шыққан. Оған төлемнің дұрыс бағытталмауы себеп, дейді олыс бойынша облыс бойынша «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» кеақ директоры Лариса Гордеева. Мәселені шешу үшін  азаматтар өздері еңбек ететін мекеменің бухгалтерлеріне немесе жұмыс берушіге жүгінуілері керек. Егер олар міндетті төлемді уақытылы енгізбеген болса заң алдында жауап береді.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ САРАПШЫСЫ:

Қазіргі кезде әрбір азамат мәртебесін анықтаулары қажет. Егер емханаға барған кезде азаматтың мәртебесі сақтандырымаған жағдайда, ол бірнеше жағдай бойынша сақтандырылмауы мүмкін. Оны көру үшін электронды портал, егов порталы және телеграм бот сақтандыру мобильді қосымша «Қолдау 24/7» арқылы қарауға болады. Онда қай айларға төленгені немесе төленбегені көрсетілген. 

Тұрғындарды қызықтырған тағы бір мәселе - карантин кезінде табысанан айырылған шағын және орта бизнес өкілдері жұмысшылары үшін мінедетті медициналық төлем енгізуге міндетт ме?!

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, ОБЛЫС БОЙЫНША «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ДИРЕКТОРЫ:

Үкіметтің қаулысына сәйкес карантинге байланысты кейбір шағын және орта, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері жұмысшылары үшін міндетті медициналық төлем енгізуден босатылған. Бұл заң ірі бизнес өкілдері үшін 1 сәуірге дейін ғана күшінде болды. Аталған жеңілдікті облыс бойынша тек бір тек бір мекеме ғана қолданды. Ал 16 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысшылары қазіргі жағдайда аталған төлемді төлеуге міндетті емес.

Брифингте міндетті медициналық сақтандыру бойынша әскерилерге, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты мәселелер де атылды. Бұл туралы «Қызылжар» телеарнасының ресми сайтынан біле аласыздар.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...