ШҰҒЫЛ! «Сазды сәлем!» сазды-құттықтау көңілашар бағдарламасы эфирге жол тартады Толығырақ

Мини футболдан достық кездесу өтті

12:09, 18 наурыз 2017

Мемлекеттік орган басшылары мен жергілікті банк директорларының басы футбол алаңында тоғысты. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған достық кездесу алғаш рет өткізіліп отыр. Мақсат салауатты өмір салтын қалыптастырып, өзгелерге үлгі өнеге көрсету.

Алғашқы рет ұйымдастырылған шараға 2 команда қатысты. 15 минуттық екі кезең тартысты өтті. Кездесудің алғашқы минуттарында банк қызметкерлері қарсылас команданың қақпасына гол соғып, есеп ашты. Жарыс қорытындысы бойынша есеп 5-5 болып тең түсті. Алайда жеңімпаздар кубогы, командалық ойынды көрсете білген Банк директорлары командасына бұйырды. Қатысушылар мен жеңімпаздар кубок, медаль және грамоталармен марапатталды. Бұл игі шара дәстүрге айналады деген сенімдеміз дейді Ұлттық банкі өңірлік  филиалының директоры Жомарт Қажырақымов.

Тоқтар ҒАЛЫМ        

 

Тақырып бойынша материалдар

ПСИХОЛОГ–ПОЛИГРАФОЛОГТАРДЫҢ СЕМИНАР- КЕҢЕСІ ӨТТІ
18:51, 24 қараша 2017
ПСИХОЛОГ–ПОЛИГРАФОЛОГТАРДЫҢ СЕМИНАР- КЕҢЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖОЛДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ» АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
21:44, 20 қараша 2017
«ЖОЛДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ» АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
21:46, 20 қараша 2017
ПЕТРОПАВЛДА СПОРТТЫҚ БАЛ БИІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...