ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

МОНИТОРИНГТІК ТОП ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

17:17, 30 қазан 2020

«Nur Оtan» партиясының қалалық филиалы жанындағы мониторингтік  топ халықтың әлеуметтік осал тобына арналған үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бүгінгі күні облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларына берілетін мұндай 2 үй салынып бітті. Жақын уақытта олар әкімдік кезегінде тұрғандарға берілмек.

Бүгінгі күні Петропавл қаласы әкімдігінде 15 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр. Оның жартысы халықтың әлеуметтік осал тобы. Қазіргі кезде облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларына арналған 2 үйдің құрылысы аяқталды. Олар Первомайская көшесінің бойында орналасқан. Бұл жерде құрылыс жұмыстары 2019 жылдың мамыр айында басталды. 93 пәтерлі екі үйдің бірінші қабаттарында мүгедектерге арналған арнайы көтергіш пандус та орнатылған.

АНДРЕЙ РАДЧЕНКО, «ЛИРА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Жобаға сәйкес әр подьездің бірінші қабатында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш пандустар орнатылды. Яғни бұл үйге мүгедектер еш қиындықсыз өздері кіріп, шыға алады. Жалпы жобаның құңы 800 млн теңге шамасында. Нысан мерзімінде тапсырылды. Құрылыс барысында да арнайы мониторингтік топтар келіп жұмыс барысын бақылап тұрды. Қазіргі кезде үй су, жарық және жылумен қамтамасыз етілген.

Бұл үйлер халықтың әлеуметтік осал тобына жалға берілмек. Олар айына шамамен 10 мың теңге төлейді. Жалға алушылар өз пәтерлерін сатып алмағанша осы үйде тұруға мүмкіндігі бар. 

КЕҢЕС МҰҚЫШЕВ, «NUR OTAN»ПАРТИЯСЫНЫҢ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Оның алдында біз осы үйлер салынып жатқанда келген едік. Оның сапасн бақылады. Ал бүгін толығыменс алынып бітті. Жақында мұқтаж адамдарға беріледі. Жетім балалар, зейнектерлер, көп балалы аналар бар осы категорияды. Үйдің ішін қарадық. Подьездердің ішін көрдік.

Екі үйде екі және бір бөлмелі пәтерлер бар. Бөлме шамамен 18 шаршы метр. Баспаналарға жылу, жарық және су желілері тартылған. Жалпы дәл осындай үй Береке ықшам ауданында да салынып жатыр. Ол келер жылдың көктеміне дейін аяқталмақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...