ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

МӨҢКЕ КҮНІ

20:37, 16 қыркүйек 2019

Пестрое көлінде 4-ші РЕТ аймақтық мөңке күні аталып өтті. Балықшылар балық аулаудан өзара жарысқа түссе, қала тұрғындары және балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл чемпионатқа 20-ға жуық балықшы қатысты. Жеңімпаз кім болды және ең көп балық аулаған кім?Оны сюжеттен білелік

Дәстүр бойынша мөңке аулаудан Чемпионат таңертең сағат 8:00-ден бастап сағат 11: 00-ге дейін созылды. Биыл ереже өзгеріссіз қалды, қармаққа іліккендерін жинап, балық саны және салмағы бойынша қарсыластарын басып озу керек.

АЛЕНА ТРЕТЬЯКОВА, МЕРЕКЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

3 қайық, 20-дан астам адам балық аулауға шықты. Балықтың санына шектеу жоқ, бәрі есепке алынады. Кейін таразыға салып өлшеп, жеңімпазды анықтаймыз.

Қармақ салуға 3 сағат уақыт берілді. Нәтижесінде екінші орынды Дамир Аспеков, үшінші орынды Юрий Евсюков иеленді. Ал, 17 жасар Максим Богданов жеңімпаз атанды. Оның қармағына іллікен балықтың салмағы 1килограмм 445 граммды құрады. Балық аулаумен үш жылдан бері айналысады екен.

МАКСИМ БОГДАНОВ, ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Бүгін жарыс болатынын естіп, өзімді сынап көргім келді. Басында балық ілікпеді. Аздап көңіл-күйім де түсе бастады. Алайда, шыдамдылық пен сабырлықтың арқасында қармағыма балық қапты.

Бұл күні балық сорпасын әзірлеуден фестиваль өтті. Қала мейрамханаларының 25 аспазы өзара сынға түсіп, ең дәмді сорпа әзірлеуден жарысты.  Бұл күні шамамен 250 литр сорпа әзірленді.

- Мереке жақсы өтіп жатыр. Балық сорпасы өте дәмді.

-Балық сорпасы керемет. Мұндай жарыстар жиі өтсе екен.

-Мерекелік концерт те жарыс та жоғары деңгейде өтуде.

Шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН  АВТОПАРК АШЫЛДЫ
18:09, 20 қараша 2019
СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗ ТАСЫМАЛДАЙТЫН АВТОПАРК АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар