ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР КӘСІП ИГЕРУДЕ

20:42, 20 қараша 2020

Облыста сүмкіндікгі шектеулі балалар мамандық алып, жаңа кәсіпті меңгеріп жатыр.  Бұл республикада теңдесі жоқ бірегей жоба. «Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжі» ерекше білімді қажет ететін  ұл-қыздарды  бірнеше мамандық бойынша оқытуда. Биыл олардың бірқатары оқуларын тәмамдап, қолдарына диплом алды. Түлектердің араларында түрлі кәсіпорындарда еңбек етіп, өз-өздерін жұмыспен қамтып отырғандары да бар.

«Солтүстік Қазақстан кәсіптік даярлау және сервис колледжінің» үлгілі студенттерінің бірі Виктор Минаев. Ерекше білімді қажет ететін бозбала қазір екінші курста оқиды. Мақсаты тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп болашақта осы істі кәсіпке айналдыру. Ол үшін оқу орынында барлық жағдай жасалған. Ал, оқытушылар әр баланың ыңғайына қарай оларға дәріс береді, жол көрсетеді.

ВИТКТОР МИНАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ» СТУДЕНТІ:

- Маған мұнда оқыған ұнайды. Тіккенді жаным жақсы көремін. Маған әке-шешем  жаңа жылға тігін машинасын сыйлады. Оқуды тәмамдаған соң өз кәсібімді ашамын. Сөйтіп сүйікті ісіммен айналысамын.

Колледж облыстағы мүгедек баларды кәсіпке баулитын жалғыз оқу орыны. Сондықтан оған аудандардағы балалар үйі, түзету мектептерінен ұл-қыздар ағылады. Оларға мұнда тігіншілік, шаштараз, аяқ киім жөндеуші, орман шаруаншылығы сынды мамандықтар бойынша білім беріледі.

АНАТОЛИЙ ГРЯЗНОВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ» ЖММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Бүгінде колледже 163 студент білім алуда. Оның 54-і түзету мектерінің түлектері, 30-ы ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Балаларды облыстық білім басқармасының мемлекеттік тапсыры аясында оқытамыз. Олар мұнда 1 жыл 10 ай тегін оқиыд, степендия мен бір мезгіл ыстық тамақ қарастырылған.

Жастар арнайы формалардан бастап,  медициналық маскаларға дейін тігеді. Олардың қолынан шыққан бетперделерді мектептерде дәстүрлі форматта білім алып жатқан оқушылар тағады. Одан бөлек оқу орынында омарташылық мамандығы да бар.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Мұнда ұл-қыздар омарташылықтың қыр-сырымен танысып оны теория жүзінде оқып үйренеді. Дәл қазір мына жылы әрі жайлы кабинетте студенттер ара ұяларын көктемгі маусымға дайындауда. Қар еріп, күн жыныуымен олар бал жинау жұмысын бастайды.

Оқу орыны түрлі мекмемелер жәнә кәсіпорындармен арнайы келісімшартқа отырған. Оның аясында жұмыс берушілер студенттердің эмтихандарына қатысып, жұмысқа алады екен..

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...