ШҰҒЫЛ! ДУБАЙДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ЖҮРІП-ТҰРУЫ

20:52, 9 қаңтар 2019

Петропавлдағы әлеуметтік нысандардың басым бөлігінде мүгедектер үшін барлық жағдай жасалған. Осыған байланысты Нұр Отан партиясының облыстық филиалында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым және көліктік бейімдеу бойынша жұмыстар қорытындыланды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы адамдар үшін қаламыздағы ғимараттар қаншалықты ыңғайлы екенін бақылау үшін арнайы мониторинг топ құрылған болатын. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша облыс орталығындағы 253 нысанның 221-інде өздігінен жүріп тұруы қиын адамдарға барлық жағдай жасалғаны жайлы белгілі болды.

ИГОРЬ КОНОВАЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКIМIНIҢ МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС БОЙЫНША КЕҢЕСШIСI:

- Бүгінгі күні бізде қаржылық салымдарды талап ететін проблемалық нысандарбар. Мониторингтен кейін барлық мекемелер мен ұйымдардың басшыларына олқылықтардың орнын қалай  толтыруғаболатынынтүсіндіріп, ұсыныстар береміз.

Мүгедектер үшін проблемалы әлеуметтік нысандар болса,  мониторинг топ бірден ескерту жасайды. Ондай мысалдар  баршылық.

СВЕТЛАНА БУСЫГИНА, СҚО ӘКІМІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДІ БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ:

- Шыныменде халықаралық Петропавл әуежайында мүгедектерге толық жағдай жасалмаған. Аталмыш нысанда зағип жандарға арнайы белгілер сызылмаған. Жәнерейстің қашан келетіні және қашан кететіні жайында толық ақпарат жоқ.

Арнайы мониторингтік топ биылғы жылға арналған жоспар бойынша 11 әлеуметтік нысанды бейімдеу үшін қаржыландыру жағын  қарастыруды ұсынды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 400-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ӨЗ КӘСІБІН АШҚАН
18:04, 26 наурыз 2019
ОБЛЫСТА 400-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ӨЗ КӘСІБІН АШҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
15:09, 20 наурыз 2019
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
17:27, 23 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақст...
Толығырақ...