ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

МҰРАЖАЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ БЕЛСЕНДІЛЕРІНІҢ ФОРУМЫ

17:56, 22 қаңтар 2020

Петропавлдағы мектептердің тең жартысында жеке мұражайлары бар. Мәселен,  2-ші орта мектебінің музейі 1978 жылы ашылған. Ол жерде 314 атқыштар дивизиясындағы жауынгерлерге тиесілі 200ге жуық құнды жәдігер мен құжат сақталған. Бүгін  мұражай қозғалысы белсенділерінің форумында  облыс орталығындағы 4 білім ордасы өз музейлерінің жұмысымен таныстырды.

Мұражай қозғалысы белсенділерінің форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.Шара барысында №2 орта мектебінің мұражайына эксскурсия жасалып, 314 атқыштар девизиясында Ленинградты қорғаған Максим Овчениковтың өз қолымен жазған 5 томдық кітабы келушілер назарына ұсынылды.

ӘМИНА БАЙБУРИНА, 2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің мұражай қоры ауқымды. Тағы айта кететін жәйт, жақында 314 атқыштар девизиясы соғысқан майдан даласынан  батырларымыз қолданған түрлі бұйымдардың сынықтары, белбеу, қасықтары табылды. Бұл жәдігерлер  біздің мұражайға әкелінді.

Форум барысында «Дарын» мектеп-лицейі де өздерінің виртуалды мұражайларымен таныстырды. Музейдің ерекшелігі - мектептің арнайы сайты арқылы оған онлайн кіріп танысуға  болады. 

АИДА МХОЯН, «ДАРЫН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Біздің музей 2018 жылдың желтоқсан айында ашылды. Ғаламтор арқылы «Дарын мұражайы» деп іздеген адам тауып, кіре алады. Бірнеше бөлімнен тұрады. Мәселен, ол жерде біздің мектептің тарихы және 1999 жылы оқу бітірген түлектер жайлы мағлұматтар бар.

Шараға өңірдегі музейлердің де өкілдері қатысып, жас экскурсоводтармен  тәжірибе бөлісті.  Келушілер назарына сахналық қойылымдар, музыкалық бағдарлама ұсынылды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
13:01, 21 ақпан 2020
«БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар