ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНДА БАЛА СУҒА КЕТТІ

20:40, 9 шілде 2020

Жыл басынан бері өңірде 5 адам суға кетті. Соның ішінде 1 бала да бар.

Шілденің 8-і Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық көлінде 2012 жылы туға бала суға кетті. Баланың денесін жергілікті тұрғындар екі сағаттан кейін алып шықты. Сол күні 7-8 жасар үш бала көлге суға шомылуға барған. Олар суға шомылуға тыйым салынғандығын ескермей суға түскен. Су қоймасының тереңдігі 1,5-2 метрді құрайды.

ИГОРЬ ЖУКОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қайғылы оқиға шамамен сағат 16:30 болған. Мамыр айында дәл осы ауданда құтқарушылар мен тәртіп сақшылары Зум платформасы арқылы мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар маусым айында 7 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында белгілердің мағынасы түсіндіріліп, алғашқы көмек көрсету бойынша танымдық сабақтар өткізілді. Соған қарамастан, өкінішке орай күннің күрт ысуына байланысты судағы қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр. Ең алдымен ата-аналар балаларының қайда және кіммен жүргенін қадағалап,  назардан тыс қалдырмау керек. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ АБАЙДЫҢ СУРЕТІ САЛЫНДЫ
15:34, 10 тамыз 2020
ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ АБАЙДЫҢ СУРЕТІ САЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...