ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

17:53, 11 қаңтар 2019

6 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының құлағына алтын сырға! Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тегін оқуға мүмкіндік бар. «Өркен» білім грантының иегерлерін анықтайтын конкурсқа құжат қабылдау науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Қабылдау комиссиясы қаңтардың 19-ы күні өз жұмысын тоқтатады. Толығырақ тілші тарқатады.

Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда Елбасының жарлығымен алғашқы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бүгінде қазақ елінің түкпір-түкпірінде Президенттің есімін алып жүрген 20 білімордасы бар. Дербес білім беру ұйымы 10 жылда республикамыздағы орта білім беретін алдыңғы қатарлы мекемелердің біріне айналды. Назарбаев Зияткерлік мектептері Кембридж, Оксворд сынды әлемнің озық оқу орындарының тәжірибесін пайдаланады. «Білімдінің күні жарық» деген қағида салтанат құрған заманда ата-аналардың өз балаларының көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып өскенін қалайтыны заңды құбылыс. Осы ұғымды берік ұстанған жандардың бірі Қорлан Бектенова.

ҚОРЛАН БЕКТЕНОВА, АТА-АНА:

- Қызым 6-сыныпта оқиды. Сондықтан, бағымызды сынайық деп, құжат тапсырдық. Назарбаев Зияткерлік мектептері сапалы білім мен мол мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау емтиханы сандық сипаттамалар, математика, қазақ, ағылшын және орыс тілдері бойынша жүргізіледі. «Өркен» гарнтының иегерлеріне ақысыз білім алу мүмкіндігі мен қатар, жыл сайын мектеп және спорттық форма беріледі. Ауылдан келген балалар интернатқа орналастырылады. Оқушылар 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылады. Шәкірттер түрлі ғылыми жобалармен айналысып, шетелдерде білімін толықтыруға мүмкіндік алады.

ВЛАДИМИР РАХМАИЛ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мектепке түсу үшін, ең бірінші жасалатын қадам, қаңтардың 19-ына дейін конкурсқа құжат тапсыру. Конкурс 2 наурыз басталады. Екі күн жалғасады. Биыл емтихан форматы сәл өзгерді. Бірінші күні математика мен сандық сипаттамалардан сынақ тапсырылса, екінші күн тілдік пәндерді қамтиды. «Өркен» грантынатүсудің белгіленген көрсеткіште балл жинау талабы жоқ. Оқуға ең жақсы нәтиже көрсеткендер қабылданады.

Құжат қабылдау науқаны қарашаның 26-сы күні басталған болатын. Үміткерлердің өтініштері қаңтардың 19-ына дейін қабылданады. Құжаттар тізіміне келер болсақ: талапкердің туу туралы куәлігінің, ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі, мекен-жай анықтамасы, оқу үлгерімі жайындағы табель көшірмесі, 086У формасындағы медициналық анықтама, 3*4 форматындағы фотосурет, өтініш және анкета толтыру қажет. Толық ақпаратты мектеп сайтынан алуға болады.

Эльмира КӘЛЕНОВА

Тақырып бойынша материалдар

БАСТЫ МАҚСАТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ
21:12, 17 қаңтар 2019
БАСТЫ МАҚСАТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...