ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

НЕГІЗСІЗ БАҒАНЫ ӨСІРГЕН

17:53, 14 тамыз 2019

Петропавлда «Мелана СК» және «Куриный Рай» ЖШС өз өнімдеріне бағаны негізсіз көтеріп жібергендіктері анықталды. Оларға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Кәсіпкерлер жұмыртқа бағасын да алдын ала өзара келісу арқылы қымбаттатып жіберген. Осыған байланысты табиғи монополияларды реттеу және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне тұрғындар шағымданыпты.

Тергеу барысында жоғарыда аталған кәсіпкерліктер «Каз-Кур» ЖШС-мен де өзара келісіп алғаны мәлім болды. Осыған байланысты департамент «Каз-Кур» серіктестігін 350 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

НАТАЛЬЯ ШАЯХМЕТОВА, ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған субьектілерге қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша жаза қарастырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірінші және екінші сот интанциялары бұл серіктестіктерге 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Серіктестіктер айыппұлдарын толығымен өтеді. Бүгінгі таңда сот тарапынан «Меланы СК» және «Куриный Рай» ЖШС нің монополиялық табысын тәркілеу бойынша сараптама жұмыстары жүргізілуде. Шешуші сот тамыздың 29-на белгіленді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар