ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

«НОҒАЙБАЙ» ТАРИХИ ДРАМАСЫ

13:02, 9 шілде 2019

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, және «Қазақстанның киелі жерлері географиясы»жобасы аясында С.Мұқанов атындағы Қазақ сазды драма театрында жерлесіміз, Ноғайбай Батырбекұлының 185 жылдығына арналған «Тарихқа тағылым» атты конференция өтті.Кейін киелі қара шаңырақ әртістері Ноғайбай сектакльінің тұсауын кесті.Толығырақ арна тілшілері тарқатсын.

Байырғы заманда қара қылды қақ жарған әділдігімен танылған, ел мен жердің амандығын ойлаған көреген билеріміз аз болмаған. Солардың бірі жерлесіміЗ, 1834-1917 жылдары өмір сүрген тарихи тұлға  Ноғайбай Батырбекұлы. Далалық сот ісін жүргізіп, «Қасым ханның қасқа жолы» «Есім ханның ескі жолы»Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа біліп,ата-бабадан қалған дара жолмен кез-келген мәселенің  әділ шешімін тауып ел есінде қалған.

ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

- Бүгінгі шараның маңызы ол болашақ ұрпаққа керек. Осындай тұлғаларды біздің жастар таныса, білсе, солардың үлгісімен өмір сүрсе олардың жолыфда, өміріде жеңіл болады. Біздің міндетіміз осындай тұлғалы азаматтарды зерттеп,халыққа жеткізуіміз керек. Ноғайбай Батырбекұлы тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы.

Ноғайбай Батырбекұлы туралы оның өмірі мен қызметі жөніндегі құнды құжаттар Ресей мемлекетінің Санк-Петербург, Омбы қалаларында, сонымен қатар Алматы қаласындағы республикалық архивтерде сақталған екен. СҚО Мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша,өңіріміздің архивтер бөлімінде де ұлы тұлғаға тиесілі құнды құжаттардың түп нұсқаларын табуға болады.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- 16 жылғы көтеріліс бойЫнша , 20 ғасырдағы колхоздастыру кезіндегі құжаттардың түп нұсқалары бізде сақталған. Ал Ресейдегі хаттар, Ресей императорына жазған хаты, Ресей императоының оған жіюерген алғыс хаты  барлығы Омбыдан табылды. «мәдени бағдарлама» аясында біз өз өлкеміздің тарихын жинақтауда олардың сандық варианттарын алып келдік.

Ноғайбай өз дәуірінде халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, барынша әділ шешім қабылдаған би. Бүгінгі күні оның салып кеткен сара жолын жалғастырып жүрген ұрпақтары бар.  2000 жылдары СҚО Мағжан Жұмабаев ауданындағы аудан мен ауылдық округке  Ноғайбай бидің аты берілді. Конференцияға ұлы тұлғаның ұрпағы да  қатысты.

АЛТЫНБЕК САПАРОВ, НОҒАЙБАЙ БАТЫРБЕКҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ:

- Біздің бабаларымыз, аталарымыз болады. Арғы аталарымыз.Әкемізден бастасақ Сейпіл, Сейпілден кейін Сапар, Сапардан Ақылбек, Ақылбектен Ноғайбай би. Арғы аталарымыздан 5-ші болып келеміз. Бүгін маңызды күн. Үлкен шаруа атқарылыпжатыр. Пресс конференция, спектакаль болып жатыр. Оған қатысып жатқаныма өте қуаныштымын.

Конференция соңы ұлы тұлға Ноғайбай бидің 185 жылдық мерейтойына арнайы сахналанған «Ноғайбай» тарихи драма спектакальінің премьерасымен жалғасын тапты. Жас жазушы Болат Мамытбековтың тарихи туындысы. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының көркемдік жетешісі Фархат Молдағали бастаған ұжымның өнерін жиналған жұршылық жоғары бағалады.

«Ноғайбай» тарихи драмалық спектакальі  толықтай ұлы тұлғаның өмірінен алынған. Басты рөлді театрдың директоры Біржан Жалғасбай сомдап шықты. 5 жылдық үзілістен кейін, сахнаға қайта шығу қиындау болды дейді ол.  

БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЙ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қойылымыда бидің әділ шешіміне тек қазақ елі ғана емес, орыс халқының да жүгінгені, патша үкіметініңң онымен санасқанын көруге болады. Елді, жерді,ата жұртты жат колға бермей, еш соғыссыз-ақ достық қарым-қатынаста кең байтақ даланы ұлы империядан құтқарып қалған абыздардың бірі осы ноғайбай болатын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыз тарихи тұлғаларын төбесіне көтеріп, тағзым етуде. Олардың қатарында әрине Ноғайбай Батырбекұлы да бар. Ұлы тұлғаның мазары Қазақстанның жалпыұлттық киелі жерлеріне енгізілген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
18:00, 10 желтоқсан 2019
ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
Толығырақ...
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
17:53, 10 желтоқсан 2019
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...