ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС БОЙЫНША 1277 КАМЕРА БАР

20:35, 18 шілде 2019

Жыл басынан бері СҚО полициясының "102" жедел арнасына қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы 18 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. Олардың 7 мыңнан астамы шұғыл шаралар қолдануын талап етті. Толығырақ, облыстың бас кезекші бөлімінің жұмысы жайлы полиция департаментінің баспасөз қызметінің сюжетінде.

- 1302 камеры подключены к Центру оперативного управления через удаленный доступ. Это камеры, установленные в сфере здравоохранения, социальной сфере, развлекательных учреждениях, в школах, в домах культуры.

Полицияның кешенді күш құрылымдары мен құралдарын басқару тобының инспекторлары, навигаторлар, "102" операторлары, кезекшілер – күн сайын Жедел басқару орталығына тәулік бойы кезекшілікке түседі. Олар барлық қылмыстар мен оқиғалар туралы ақпаратты бірінші болып алып, патрульдердің бағыттары мен жедел тергеу тобының оқиға орнына шығуын қадағалайды. Тәулігіне орташа алғанда 102 нөміріне 150-ден астам қоңырау келіп түседі. Ал демалыс күндері болса қоңыраулар 300-ден асып жығылады. Әр минут сайын полиция қызметкерлері облыс орталығының көшелері мен жолдарын бейнебақылау камералары арқылы бақылайды. Петропавл қаласында камералардың саны 410.

ҚУАНДЫҚ ЫСҚАҚОВ, ПЕРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

- Көшелер мен қоғамдық орындарда онрнатылған бейнекамераларды пайдалану мен Петропавл қаласының жедел басқару орталығының аумақтық бөлімдерінің, кезекші бөлімдерінің есептік кезеңде 8045 әкімшілік құқық бұзушылықтар және 559 қылмыстар тіркелді. Кезекші тәулікте Петропавл қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау күн сайын 150 полиция қызметкері, 20 жаяу жүргінші патруль және 24 автопатруль түседі. Сондай-ақ, Солнечный, Новопавловка, Заречный және Мичурин саяжай алқаптарында күнделікті  8 атты патруль қызмет атқарады.      

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, көшелерде патрульдердің, сондай-ақ бейнекамералардың болуы қылмыстың алдын алады. Қалалық интеллектуалды бейнебақылау камераларының бір бөлігі темір жол вокзалында және Петропавл қаласының сапаржайында орнатылған. Жалпы бүгінгі таңда облыс бойынша 1277 камера жұмыс істейді. Жыл басынан жедел басқару орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 62 қылмыс ашылып, 8 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі-жол қозғалысы ережелерін бұзуы болып табылады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...