ШҰҒЫЛ! БИОФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛЫНЫП ЖАТЫР Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТЫ ЫҚШАМДАЛДЫ

17:15, 1 сәуір 2020

Президенттің тапсырмасына сай, мемлекеттік аппарат ықшамдалуда. Жекелеген басқармалар қайта құрылып жатыр.  Мысалы, жастар саясаты басқармасы ішкі саясат басқармасына, ал жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы басқармасына қосылды. Дәл солай кәсіпкерлік және туризм басқармасы индустриялық-инновациялық даму басқармасымен біріктірілді.  

Есесіне, жаңадан мемлекеттік сатып алулар басқармасы құрылды. Қайта ұйымдастыру жұмысы нәтижесінде тілдерді дамыту басқармасы мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы да қосылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл толық ойластырылған шешім. Мәдениет және тіл - бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.  Екі басқарманы біріктіре отыра, біз өңірдегі тіл саясатын жаңа деңгейде дамыта аламыз. Біріккен басқарманың жұмысына қосымша қазақ тілі мамандары тартылады. Сондай-ақ тілдерді дамытуға бөлінетін қаржы көлемі арта түспек.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ «ШАПАҒАТ» ДҮКЕНДЕРІН ҚАЙТА АШУҒА ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ
20:40, 22 қаңтар 2021
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ «ШАПАҒАТ» ДҮКЕНДЕРІН ҚАЙТА АШУҒА ҰСЫ...
Толығырақ...
ОБУХОВКА ТАУ-КЕН КОМБИНАТЫНДА БОЛҒАН ДАУЛЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСҚАНДАРҒА  ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫ
17:21, 22 қаңтар 2021
ОБУХОВКА ТАУ-КЕН КОМБИНАТЫНДА БОЛҒАН ДАУЛЫ ОҚИҒАҒА ҚАТЫСҚАНД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:01, 18 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ
17:17, 21 қаңтар 2021
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Толығырақ...