ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

20:32, 18 шілде 2019

Солтүстік Қазақстан аграрлы-индустриалды аймақ. Елбасы биыл5ы Жолдауында  алдағы бес жылда бұл саланы  ДАМЫТу міндетін қойыды. Бүгін өңір басшысы  облыс депутаттары алдында есеп беріп,  бұл бағытта атқарылған шараларды тізбектеді,  өткен жылдың жетістіктерін саралап,  биылғы жылдың жоспарларымен бөлісті. Жалпы облыста барлық салалар бойынша өсім байқалады. Инвестиция көлемі 14,4% өсіммен 88 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында дайын өнім шығару деңгейі 3,6% және 2,2%-ке жоғарылады. Қолданысқа берілген тұрғын үй көлемінде 12,4% өсім қамтамасыз етілді.

Соңғы екі жылда экспорт 25% ұлғайды. Ал импорт 18%  дейін қысқарды.  Облыс әкімі өңірдің ауылшаруашылығында шығарылатын  шикізаттың барлығы қайта өңделіп, дайын өнім боп шығуы тиіс екендігін айтты. Жыл басынан аграрлы өнеркәсіптік кешенге бөлінген инвестиция көлемі  45 млрд теңгеге дейін  жетті. Майлы дақылдарға шетелде сұраныс көп. Сондықтан егістіп алқаптары әртараптандырылып, майлы дақылдар себілген жерлердің көлемі екі есеге артты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл «Солтүстік соя» жобасын бастап, 20 мың гектарға дән септік. Келесі жылы 150 мың гектарға дейін жеткізбекпіз. Сояның бағасы тұрақты. Тоннасы 150 мың теңге тұрады. Өткен жылы өнімді өткізіп, диқандар пайдасын молынан көрді. биылғы көктем ылғалды болды. Оған қоса жаз бойы алқаптарды 120 мың тонна минералды тыңайтқыштармен өңдемекпіз. Осының барлығы күзде жақсы нәтиже беретініне сенімдіміз. 

Облыс әкімі дұрыс пайдаға аспай отырған алқаптардың қайтарып алынатындығын тағы бір мәрте ескертті. Тексеру нәтижесінде 2015 жылдан бері жұмысын тиісті деңгейде жүргізбеген шаруалардан 662,5 мың гектар жер қайтарылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өткен жылы 50 мың басқа шақталған шошқакешенін тұрғызу басталып, биыл кәсіпорын жылына 5 мың тонна етті өңдіру қуатымен жұмыс істеп келеді. Жобаның жүзеге асуына 3,5 млрд теңге жұмсалып, 120 жұмыс орны ашылды. Құс фабрикаларында күрделі жаңарту жүргізіліп, өнімділігі арттылды. Енді өңіріміз бұл көрсеткіш бойынша Республикада 3-ші орында. 

Біраз тұрып қалған «Биооперейшн» зауыты өз жұмысын қайта бастады.  Мұнда қазір 400 адам еңбек етеді. Қоспажем шығаратын «KAZMEAL» зауыты іске қосылды. Мұнда жұмысқа тұрған 76 адам жылына 360 мың тонна өнім шығарады. Өнеркәсіп саласында жарты жылдың ішінде өсім 3,6 пайызға артқан. Биыл индустрияландырудың екінші бес жылдықтың қорытындылары шығарылады. 46 жоба іске асты. Оларда 2,5 мың солтүстікқазақстандық  тұрақты жұмыс тапты.  Жыл соңына дейін тағы 10 жоба іске асып, 828  жаңа жұмыс орны ашылмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгін «ПЗТМ» мен Киров атындағы зауыттарды күрделі жаңартып келеміз. Екіншісіне 120 дана жаңа құрылғы әкеліп орнатылды. Осының арқасында тапсырыс көлемі 2 есе артпақ. Сырымбет қалайы кен орнында жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр.Жуырда  тұрмыстық химимя шығаратын зауыттың жұмысын тестілік жүйеде байқап көрдік. Кәсіпорын сабын мен сұйық жуғыз заттарды шығарумен айналысады. 

Жаңа жұмыс орындарымен қатар, 141 мың жерлесіміздің айлығы өсті, оның  48 мыңы бұған дейін төмен жалақы алып отырған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгінге дейін машинажасау кәсіпорындардың басшыларымен келісім орнатылып, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен мамандардың жалақысын 15 пайызға өсіру шешімі қабылданды.   Жарты жылдың ішінде 7600 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 12 мыңға жеткізуіміз керек. Өз өзін жұмыспен қамтим дегендерге «Бастау» оқу курсы қбар, оларға жеңілдетілген шарттармен 1,8 млрд теңгенің 978 шағын несиесі берілді. 

Есеп барысында Құмар Ақсақалов  жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. «Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі» директорының орынбасары, облыстық маслихаттың тұрақты  комиссиясының төрағасы Райхан Абдірахманова қаржы институтының жүзеге асырып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жайында айтып,  бұл жұмысты жетілдіру мақсатында өңір басшысына өз ұсыныстарын жолдады.

РАЙХАН ӘБДІРАХМАНОВА,  ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Әкімдіктің есебінен тұрғызылып жатқан баспаналарға деген сұраныс өте көп. Сондықтан ұсынарым, алдағы үш жылға негізделген  құрылыс жоспарын құрып, тұрғындарға жариялау.Оған қоса, өңір аудандарында да мемлекеттік бағдарламалар аясындағы тапсырылатын баспаналар салынса. Қалада 19 мың адам, аудандарда 5 мың адам пәтер кезегінде тұр. Осы шаралар бұл тізімді біраз қысқартар еді. Оған қоса көп балалы, жалғыз басты аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды 2 пайызбен несие беру «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Бұл орайда, 10 пайыз алдыңғы жарнаны  қамтиалатын тұрғын үй сертификаттарына қаражат қарастырсаңыз. 

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты қаражат бөлінді. Өңірдің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы, облыстық маслихаттың депутаты Ерік Нұрақаев  осы қаржының тұрғындар игілігіне  тиісті жұмсалып жатқанына риза болды.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жарты жылда атқарылған шаралар ауқымды. Алда әлі де жұмыс көп. Құмар Іргебайұлы Елбасының игі бастамаларын жалғастырып, барлық бағдарламалардың толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз ететіндігін айтты.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...