ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

13:02, 13 ақпан 2020

Былтыр Ғ. Мүсірепов ауданында 78 шақырым жол жөнделсе, бүгінде оның 60%   ғана қанағаттанарлық жағдайда. Кейбір селолық округтерден облыс орталығына қатынайтын автобустар жоқ, оған қоса Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласында да қордаланған мәселелер баршылық. Ауданда жұмыс сапарымен болған өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, арызын арқалай келген тұрғындардың бұйымтайларына құлақ түрді.

Соңғы жылдары өңірімізде облыстық және жергілікті маңызы бар тас жолдарды жөндеуге баса мән берілуде. Мысалы Ғ. Мүсірепов ауданында былтыр 78 шақырым жол қалпына келтірілген. Бірақ бүгінде оның 60%   ғана қанағаттанарлық жағдайда. Жол азабын жүрген біледі – демекші, көлігі сынып, талай жапа шеккен аудан тұрғыны Юрий Боровских облыс әкіміне шағымын айтып,  арызданды.

ЮРИЙ БОРОВСКИХ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен Саумалкөл – Новоишим бағытындағы тас жолдың сапасы жайлы айтқым келіп тұр. Ғ.Мүсіреов ауданының шекарасынан Казанка ауылына дейінгі жол  учаскесі  түгел дерлік ойдым-ойдым. Соңғы үш жылда оны жамағанмен, пайда жоқ.

Аталған жол учаскесі 12 шақырымды құрайды, жауаптылардың айтуынша биыл оған жөндеу жұмысы жасалмайтын көрінеді. 

- Аталған участкеге күрделі жөндеу жасау үшін сметалық құжаттар әзірленуде. Өйткені орташа жөндеу жасаудың мәнісі жоқ. 6 шақырымының сметалқ жоспары дайын, енді қалған 6 шақырымына конкусжарияладық.

Аудан халқын толғандырған тағы бір мәселе Дружбинский селолық округі мен қала арасында қатынайтын автобустың жоқтығы. Тұрғындардың айтуынша бұған дейін бұл  бағытта қоғамдық көлік болған, дегенмен былтыр күзде тасымалдаушы көліктің ескіргенін айтып жолаушылар тасымалын тоқтатыпты. Бұл жаңалық өңір басшысын таң қалдырды. Өйткені былтыр ғана аталмыш салаға мемлекет тарапынан берілетін субсидия көлемі артқан болатын. Түйткілді сол жерде шешуді ұйғарып, облыс әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцевке қоңырау шалды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

- Бізде халықтың 96 – 97 проценті тасымалдау транспорттарымен қамтасымыз етілген. Неге аталған селолық округ назардан тыс қалған. Бұл дұрыс емес. Жедел түрде жағдайды бағамдап, тасымалдаушыны тексеріңіз. Мәселені шешу керек.

Бұл мәселені өңір жетекшісі өз бақылауына алды. Ал Владимир Дудин болса Новоишимдағы  хоккей қорабына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жабық кортқа айналдыру  керек дейді. Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда хоккей спорты кеңінен тараған. Спортшыларымыз республикалық деңгейде өнер көрсетеді. Бірақ оларға дайындалатын мұз айдындары жетіспейді.

ВЛАДИМИР ДУДИН, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Құбылмалы ауа райы жаттығуға кедергі келтіреді. Жел, боран, қар жауса тіпті қиын. Жуырда жарыс өтеді. Ауа райы оң қабақ танытса екен деп тілеумізді тілеп отырмыз.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

- Спортты дамыту қажет. Сондықтан әрбір аудан орталығында  жасанды төсемесі бар футбол алаңы, жабық хоккей корты және спорт кешені болу керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетеміз. Әр ауданда спорт кешендері болады.

Жалпы қабылдау барысында облыс әкімі 5 азаматтың бұйымтайын тыңдады. Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...