ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

20:38, 14 қараша 2019

Ой-шұңқырлы  жолдар, тұрғындардың ауыз сумен қамтылмауы,  спорт нысандарының аздығы мен баспананың жоқтығы.   Осы және тағы басқа мәселелер қашанда өзекті.  «Nur Otan» партиясының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов Мамлют ауданына барып, елдімекен тұрғындарының мәселелерін тыңдады.  

Наталья Бахмацкая  көпбалалы ана. Жергілікті әкімдікте пәтер кезегінде тұрғанына біраз жыл болған. Өздері апаттық деп танылған үйде тұрып жатыр. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал төрағасының қабылдауына келген ол, 4 баламның қауіпсіздігі жайында күнде алаңдаймын дейді.  

КҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Біз бос тұрған 12 пәтерлі екі үйді қалпына келтіреміз.  Келесі жазда жұмыс басталып, кезекте тұрғандар арасында пәтерлер үлестіріледі.  Су, жылу сияқты қажетті коммуналдық қызметтердің бәрі болады.

Наталья арқалап келген тағы бір мәселе, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты.  Әйелдің 4 баласының екеуі кәмелет жасқа толғанымен, студенттер толығымен ата-анасының асырауында. Алайда, жәрдемақыны қайта есептеу барысында, оларды ескермей, көпбалалы ана, тек екі балаға ғана қолдау алады. 

АЛМАЗ ҚОШМАНОВ  ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Студентер немесе мектеп оқушылары басқа жерде оқып жүріп, бірге тұрмаса, отбасы құрамына енгізілмейді.  Ал атаулы әлеуметтік көмек отбасы мүшелеріне ғана беріледі. Сондықтан, бұл екі бала да тізімге ілінбей қалды. Келесі жылдан бастап, біраз өзгерістер болады деп күтілуде.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-   Яғни, бұл талап өзгереді.  Біз ережені бұза алмаймыз. Әзірше осы  шартпен жұмыс істейміз.  Келесі жылы, көп балалы аналардың мүдделері  ескеріліп, оң өзгерістер болады деп ойлаймын.

Наталья Евграфова аудандық ауруханада жұмыс істейді.  Мекеме 1977 салынып, содан бері күрделі жөндеу  көрмеген.  Аурухананың жедел сатысы 10 жыл бұрын орнатылған. Тоқтап қалатын күндері де бар. Наталья Евграфовна ауыр науқасты апара жатқанда сынып қалса, ауыр жағдайға әкеліп соғуы мүмкін деп алаңдайды.  

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жедел саты бойынша  14 миллион теңгеге өтініш түскен еді.  Алайда, еш бір компания бұл бағаға жедел сатыны орнатып бермейді. Бұл өте аз.  Өткен жылдары жобалық сметалық құжаттарды дайындағанда аз сомалар көрсетілген. Енді бұл құжаттарды қайта жасау керек.

Елдімекендердегі тағы бір өзекті мәселелердің бірі,  ауыз сумен қамту.  Светлана Гуменник  Становое селосында тұрады. Бұрындары суды аптасына бір-ақ рет жеткізіп отырса, биыл санация әдісі арқылы, елдімекенге су тартылды. Алайда тіршілік нәрі аптасына үш рет қана беріліп отырады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аптасына үш дегендерің қалай, таза су тәулік бойы қолжетімді болу керек.  Су беріледі. Жобаны келесі жылы жалғастырамыз.  

Бұл күні Құмар Ақсақалов ауданның 7 тұрғынын қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кей сұрақтар бірден шешімін тапты.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...