ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

17:17, 1 маусым 2020

Қаладан ауылға көшіп келіп кәсіп бастады. Елордадан қоныс аударған Батима Шарманова солтүстік өңірде қыздарымен бірге мал шаруашылығын дамытуда. М.Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов кәсіпкермен жүздесті. Ауданда  жеке бизнесін дөгелетіп отырған Тулетаевтар отбасының да жұмысын көрді. Сондай-ақ жергілікті аграрилерді жинап, аталмыш саладағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Батима Шарманова 2018 жылы Елордадан М.Жұмабаев ауданына қоныс аударады. Келгендегі мақсаты өз ісін бастау еді. Сөйтіп «Ауылш шаруашылығын қолдау қоры» АҚ несие алуға өтініш жазады. Талабы таудай келіншектің ойлағаны іске асып қор оған 70 млн теңге несие береді. Кәсіпкер қолдағы қомақты қаржының 63 млн теңгесіне Австриядан 100 симментал тұқымды ірі қара сатып алды.

БӘТИМА ШАРМАНОВА,  «BEREKE SKO» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

Жас кезімнен осы кәсіпке тартып тұратын. Жерді өңдеп, төрт-түлік өсірген игі іс деп ойлаймын. Солтүстіктің жері құнарлы, табиғи таза өнім алуға болады. Оған қоса мемлекеттен қолдау бар.

Бұрын өндірісте, мемлекеттік қызметте еңбек еткен әйел көптің қолынан келе бермейтін шаруаны дөңгелетіп отыр. Қора-қопсы бар, шабындық және жайылымдық жері жетерлік. Қажет болса мемлекет жер беруге әзір. Мақсаты болашақта мал санын 500 ге жеткізу.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Батима - үлгі аларлық жан. Жарайсыз. Бізде әйел түгілі, көптеген ер адамдардың өздері мал шаруашылығымен айналысуға қорықады. Тәуекелге бара алмайды. Сіздің батылдыңызға тәнті болдым.

Кәсіпкердің айтуынша тайыншалар қысқа қарай төлдейді. Содан соң сүт өндірісін жолға қоймақ. Болжам бойынша жылына 450 мың тонна сүт өндіреміз дейді – Батима. Бүгінде сүтті шетке шығарудың қажеті жоқ. Өңірде оны қабылдайтын бірнеше компания бар. Одан қалды ақтың әр литріне мемлекеттен субсидия төленеді.

- Кеше ғана «Маслодел» компаниясында болдым. Онда қазір жаңа қондырғылар орнатылып жатыр. Сөйтіп тағы екі желіні іске қоспақ. Нәтиежсінде кәсіпорын күніне 400 мың тоннаға дейін сүт өңдей алатындай қуатқа ие болады. Одан қалды жаңадан 70 жұмыс орыны ашылады.

Ал Советское ауылындағы Тулетаевтар отбасы болса бройлер тауықтары мен үйрек, қаз балапандарын өсірумен айналысады. Кәсібін отбасылық бизнеске айналдырған Виталий Тулетаев жуырда мемлекеттің қолдауымен су жаңа заманауи инубаторлар сатып алыпты.

ВИТАЛИЙ ТУЛЕТАЕВ,  «ТУЛЕТАЕВ В.К.» ӘКК ЖЕТЕКШІСІ:

- Бұл істі 7 жыл бұрын бастадым. Алдында жеке кәсіпкерлік болып құрылдық. Бизнесімізді дамыту мақсатында «Қаржылай қолдау қорына» көмек сұрап жүгіндік. Міне қазір өнім көлемі артты. Жылдық айналым 12 млн теңгені құарады.

Кәсіпорын шыққан балапандарды 1 немесе 3 тәулік ұстап барыа  сатады. Баға базардағыға қарағанда арзан. Фермада еңбек ететіндердің барлығы дерлік - отбасы мүшелері. Кәсіпкермен тілдескен Құмар Іргебайұлы мемлекет тарапынан оларға үлкен қолдау көрсетілетінін жеткізді.

- Отбасылық бизнес көп болуы керек әрбір салада. Біздің облысымызда ауыл шаруашылық саласында көп мүмкіндік бар. Ірі қара, құс, жылқы ұстайсың ба мемлекет тарапынан көмек көрсету механизмі бар.

Ауданның аграрлық әлеуеті жыл санап артып келеді. Мысалы биыл «СК АГРО 2050» ЖШС ауқымды дән кептіру агрегатын орнатқан.

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ,  «СК АГРО 2050» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Агрегат сағатына 70 тонна дәнді кептіруге қауқарлы. Майлы, бұршақ дақылдар немесе тұқымды да кептіруге болады.  Дизель отынымен жұмыс істейді. Тоннасына 7 литр жанармай кетеді. Бұл өте тиімді. Болашақта көк отынға ауыстырамыз. Сөйтіп қондырғы екі жылдың көлемінде өз ақысын өтейді.

Дән кептіргіш - отандық өнім. Саймандары - арзан, сервистік қызмет те қол жетімді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз импорттық өнімге үйреніп қалғанбыз. Көріп тұрмын мұндағы қондырғылардың басым бөлігі Германиядан немесе Америкадан әкелінген. Олар өте қымбат. Егер сынып қалса, сервистік қызметтің келгенін күтесің. Тиісінше біраз уақыт жоғалтасың. Ал ауыл шаруашлық саласында ең басты фактор ол – уақыт. Сондықтан отандық өнімді қолдап, өзіміздікін пайдаланайық.

Жұмыс сапары соңында Құмар Іргейбайұлы «СК АГРО 2050» ЖШС алқабына ат басын тіреді. Танап басындағы дала жұмыстарының барысын көрді. Аудан аграрийлерін жинап атқарылып жатқан шаруаны саралады. Сондай-ақ ең өзекті мәселе - агроқұрылымдардағы жұмысшылардың еңбекақыларына тоқталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мынау М.Жұмабаев ауданындағы ең басты серіктестіктердің тізімі.  Мысалы «Агрофирма Майбалық» серіктестігінде 2019 жылы өнім көлемі төмендеген. Деседе бұл жұмысшылардың айлығына әсер етпегенін көріп отырмыз. Кейбір шаруа қожалықтар бар жұмысшыларына 50 мың теңге еңбекақы төлепті. Бұл не деген сұмдық?! Биылдан бастап агроқұрылымдарда еңбек ететін азаматтардың еңбекақыларын 20% көтеріңдер.

Аудан диқандары егіс науқанын аяқтауға жақын. Биылғы ауа райын ескерген шаруалар өнім мол болады деп үміттеніп отыр.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...