ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

18:01, 12 ақпан 2020

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдында есептік кездесуден соң, өңір тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Тұрғын үй, жұмыссыздық, жер  осындай мәселелермен келген азаматтарды тыңдаған өңір жетекшісі, азаматтардың өтініштерін   өз бақылауына алатынына сөз берді.  Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Құмар Ақсақалов халық алдында есеп берген соң, тұрғындарды жеке өзі ғана емес басқарма басшылары , аудан әкімдерімен  бірге қабылдады.  Виктор Дубровин мен Сейілбек Башимов Кеңес Одағының батыры, өңір тумасы, аға лейтенант Әбу Досмұхамбетов  атындағы қор ашып, даңқты солдаттың сүйегін Чернобыль қаласынан туған еліне әкелуді жоспарлап отыр.  Облыс әкімінің көмегіне жүгіну себебі, ҚР сыртқы істер министрлігіне СҚО өзінің батырын қабылдауға дайын екендігі туралы хат жазуды сұрап келген.  

СЕЙІЛБЕК БАШИМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Мен Кеңес одағының батыры Әбу Досмағамбетовтың туған інісімін. Әбу Досмұхамбетовтың денесі Чернобыль қаласында жерленген. Өздеріңіз білетіндей, бұл қаладағы апаттан кейін, зиратқа өту мүмкін болмай қалды. Біздің жерлес батырымыздың топырағынан туған жеріне әкелу біздің парызымыз деп білемін.  Облыс әкімі қажет құжаттарды әзірлеймін деп әуде берді.

Раушан Құсайынова пәтер кезегінде тұрғанына 12 жыл.  Бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған әйел облыс әкімінен көмек сұрап жүгінген. Алайда, өңір жетекшісі оған енді бюджеттік сала мамандарына тұрғын үй құрылысы жүргізілмейді деп жауап берді. Юрий Землянов болса өзінің физика саласындағы ойлап тапқан жобасымен келген. Басты проблемасы ісін әріқарай жалғастыратын ұрпағы жоқ.

ЮРИЙ ЗЕМЛЯНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Мен қарт адаммын, ал мына ойлап тапқаным «Махолет» атты ұшқыш аппарат. Әріқарай дамытатын ұрпағым жоқ. Өткен жылы оушылар сарайының директорымен кездесіп, осы мәселе бойынша сөйлескен едім. Тыңдаған күйі осы мәселе қалды. Денсаулығым болса осы заттардың барлығын өзім жасар едім, әттең, қолым дірілдеп ұсақ заттарды ұстай алмаймын.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ұрпағым жоқ дейсіз, оқушылар сарайына қалдырыңыз. 3д принтер, 3 моделдеу сынды заманауи технологиялардың арқасында теориялық түрде жазылған нәрсені, іс-тәжірибе жүзінде оқушылар жасап шығады.  Жанымда Білім басқармасының басшысы отыр, ол сізге топ жинақтап береді, жас ғалымдармен жеке өзіңіз айналыса аласыз.  Мына кітпшаңызды оқушылар сарайында кітапхана ашып, сақтау қажет. Осындай іспен айналысып жүргеніңізге рахмет.

Қоғамдық қабылдауға жалпы 13 адам келсе, оның бесеуі Құмар Іргебайұлының жеке қабылдауында болды. Барлық шағымдар мен өтінінштердің шешімін облыс басшысы өз бақылауында ұстайтын болады.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
20:44, 23 қазан 2020
ТАРИФТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАЛЫМ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
20:38, 23 қазан 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...